Консультациялық пункт бойынша
ата-аналарға ақыл кеңес
Егер балаңыз сылбыр болса!
Балаңыз қандай болса да сол бетінше қабылдап жақсы көріңіз.
Балаңызды асықтырмаңыз, оған деген көз қарасыңыз, қарым- қатынасыңыз барлығы сөзіңізге сай келсін.
Шыдамды болыңыз. Сылбыр балалармен жұмыс өте қиын және ұстамдылықты талап етеді. Дауыс көтермеңіз.
Балаға ешқашан «УАҚЫТҚА» жұмыс жасатпаңыз. Уақыт сылбыр балаға кері әсер береді.
Өз күшіңізбен жалпы сенімділігіңізді арттырыңыз.
Есіңізде ұстаңыз, бұндай балаға «ДАЙЫНДЫҚҚА» уақыт керек.
Алдын ала кішкене жылдамдатуын ескертіп жағдай туғызып отырыңыз.
Өзіңізбен бірігіп жұмыс жасауға қызықтырыңыз сонда барып бала өзінің іс әрекет козғалысын басқа балалармен бірігіп жасауға тырысады.
Күн тәртібінің сақталуын қатаң қадағалаңыз.
Бала уақытты сезінуін қадағалаңыз.
Баланы дене шынықтыруы мен ырғақты сабақтарға қызығушылығын арттырыңыз.
Баланың іс әрекет кезінде үлкен көңіл аударып зейін қойып қараңыз.
Егер баланың бойын үрей билеп қорқыныш сезінсе
Балаңыз қандай болса сол бетінде қабылдап, оның өзгеруіне мүмкіндік беріңіз.
Сіздің балаңыз сабырлық пен мейірімділікті үнемі сезінуі керек.
Үрейлі эмоцияға беріле бермей болып жатқан жағдайлардың барлығына «жылы көз қараста» қарап, туындаған мәселеге зер салып баланы дұрыс тыңдап отыру қажет.
Қорқыныш пен үрейіне түсіністікпен қараңыз; күлуші болмаңыз, күшпен қорқынышын жоя алмайсыз.
Шыдамды болыңыз. Егер ештеңе көмектеспесе балаға өзімен қатарлас құрбылас ретінде қатынасыңыз.
Баланы қоршаған мазасыздандыратын және тітіркендіретін адамдардан аулақ ұстаңыз.
Дайындаған логопед: Нуркеева Айгуль Сериковна