Тағы да бір жаңашыл технологиялық бағыттың бірі - қамыр терапиясы. Мүсіндеу - бұл балаға өте пайдалы сабақ түрі,эстетикалық талғамдарының да дамуына пайдасы зор. Қоршаған ортаның әсемдігін,әдемілігін сезініп,талғамы дамиды. Мүсіндеу арқылы бала өзі мүсіндейтін бейненің пішінімен жақсырақ танысады,тілі де шығады. Баланың байқағыштығы, ой-өрісі де қалыптаса түседі. Соңғы жылдары тұзды қамырдан әртүрлі бейнелер жасау кеңінен таралған. Шығармашылықтың бұл түріне - «қамыр пластикасы» деп қазіргі заманға сай атаған. Тұзды қамыр-экологиялық таза, зиянсыз, қолға ұстауға ыңғайлы,мүсіндеудің барлық түріне де жарамды, сапалы құрал болып табылады. Тұзды қамырдан жасалған заттар көпке дейін сақталады, бала қай жаста болса да қолайлы. «Қамырпластика»- бейнелеу өнерінің жаңа түрі. Балалардың ой-қиялдары шексіз.Олар өз картиналарын,ертегі кейіпкелерін,сүйікті ойыншықтарын мүсіндейді. Тұзды қамыр өте жұмсақ, иілгіш, баланың саусақтарына да,жалпы ағзасына да жағымды әсер қалдырады. Қамырмен жұмыс жасау барысында барлық психикалық процестері қалыптасады,шығармашылық қабілеттері, қоршаған ортаны танудағы танымдылығы да арта түседі. Сабақтарда тұзды қамырмен жұмысты қолдана отырып, мынадай маңызды міндеттерді шешуге болады: тілдерін дамыту,ұсақ қол моторикасын дамыту, жас ерекшелігіне байланысты тұзды қамырдан қол еңбегін ұйымдастыру осы жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін балаларға қарапайым ойын түрінде жеткізу тиімді болып табылады.
Халық даналығында: «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілін дамытуға,шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Сонымен алға қойылған мақсатты түзету-педагогикалық жұмыстарды тәрбиелік жұмыста жүйелі қолдансақ,баланың қол моторикасы ғана дамып қоймайды, сөздік қорлары да дамып, іскерлік-танымдылық қасиеттері де молая түседі.
"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"
Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс. Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды. Жағымсыз эмоциялар топтың жағымды, тілектестік атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті «Көңіл-күй шарын» жасау.
Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ болуы мүмкін:
1. белгілі бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы түсініктеріңізді).
2. өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (субтұлғаны). метафора қолдану арқылы пластилиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын қасиеттеріңізді бейнелеңіз презентациялаудың кез келген түрін қолдана отырып пластикалық бейнеде көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларыңызды бейнелеп беріңіз.
Пластилиннен, қамырдан, саз балшықтан форма жасау көркемдік бейненің символдық мәні мен түрін өзгерту! Мүмкін, сондықтан да ол өзге координат жүйесінде жаңа «Мен» бейнесін, өнімді қарым-қатынасты, тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арт-терапиялық тәсіл болып табылады.