Қамыр терапиясы
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс. Арттерапияны бірінші кезекте тұйық, белсенді, ұялшақ, күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, қолданылады. Егер бала бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала бастаса немесе мүсіндегенді таңдаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды.
Тағы да бір жаңашыл технологиялық бағыттың бірі - қамыр терапиясы. Мүсіндеу - бұл балаға өте пайдалы ұйымдастырылған іс-әрекет түрі, эстетикалық талғамдарының да дамуына пайдасы зор. Қоршаған ортаның әсемдігін, әдемілігін сезініп,талғамы дамиды. Мүсіндеу арқылы бала өзі мүсіндейтін бейненің пішінімен жақсырақ танысады, тілі де шығады. Баланың байқағыштығы, ой-өрісі де қалыптаса түседі. Соңғы жылдары тұзды қамырдан әртүрлі бейнелер жасау кеңінен таралған. Шығармашылықтың бұл түріне - «қамыр пластикасы» деп қазіргі заманға сай атаған. Тұзды қамыр-экологиялық таза, зиянсыз, қолға ұстауға ыңғайлы,мүсіндеудің барлық түріне де жарамды, сапалы құрал болып табылады. Тұзды қамырдан жасалған заттар көпке дейін сақталады, бала қай жаста болса да қолайлы. «Қамырпластика»- бейнелеу өнерінің жаңа түрі. Балалардың ой-қиялдары шексіз. Олар өз картиналарын,ертегі кейіпкелерін,сүйікті ойыншықтарын мүсіндейді. Тұзды қамыр өте жұмсақ, иілгіш, баланың саусақтарына да,жалпы ағзасына да жағымды әсер қалдырады. Қамырмен жұмыс жасау барысында барлық психикалық процестері қалыптасады,шығармашылық қабілеттері, қоршаған ортаны танудағы танымдылығы да арта түседі. Сабақтарда тұзды қамырмен жұмысты қолдана отырып, мынадай маңызды міндеттерді шешуге болады: тілдерін дамыту,ұсақ қол моторикасын дамыту, жас ерекшелігіне байланысты тұзды қамырдан қол еңбегін ұйымдастыру осы жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін балаларға қарапайым ойын түрінде жеткізу тиімді болып табылады.
Халық даналығында: «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілін дамытуға,шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Сонымен алға қойылған мақсатты түзету-педагогикалық жұмыстарды тәрбиелік жұмыста жүйел қолдансақ,баланың қол моторикасы ғана дамып қоймайды, сөздік қорлары да дамып, іскерлік-танымдылық қасиеттері де молая түседі.