Текст
"Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру және "Өнегелі 15 минут" аясында 2025ж. 22.01.-30.01. аралығында "Әжем айтқан ертегі" атты челлендж жарияланды. Мақсатымыз: балалардың оқу мәртебесін арттыру, халық ертегілері арқылы қазақ мәдениетімен таныстыру; ертегі айтып беру арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу, дүниетанымын байыту, олардың эстетикалық сезімдерін ояту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын байыту, мазмұндауға баулу;
Әр топтан әжелер ертегі айтып, челенджді келесі топқа тапсырады.
Челленджді №4"Құлыншақ" тобынан басталып, ретімен жалғасады. Әжелерімізге сәттілік тілейміз! Балаларымызды бірігіп, бірге тәрбиелейік!