Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды.
Қазіргі кезеңде бала тәрбиесі жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, тренингтер, отбасына саяхат, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен көмегі бар.
Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
- Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру;
- Баланың биімділігі мен отбасылық қажеттілігн есепке алу;
- Баланы мектепке даярлауды ата-аналарға көмек көрсету бойынша жұмысын жүргізу.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық - орнату барысында ата-аналарға арналған консультациялық пункт №135 балабақшасында 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап ашылды. Ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында, балабақшамызда бала-бақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңес беретін жұмыс ұйымдастылды. Ол үшін «Ауэзов» шағын аудандары балабақшаға қараған территориялық 3 жастан 6 жасқа караған балалардың тізімдері жинақтап жасалды. АКП-ға ұйымдастырылмаған жұмысты жасайтын педагогтар мен жұмыс жоспары құрылды, міндеттер бөлініп берілді, балабақша әдіскері Г.К.Тайтелиеваға АКП жұмысын жүргізу тапсырылды. Ата-аналарға арналған консультациялық пункт – бұл ең бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастық , балабақшаға бармайтын үйдегі тәрбиедегі балаларды ортаға тарту және мектепке даярлау үшін ұйымдаспаған балалары бар жанұямен өзара қарым--қатынасты орнату. АКП қызметін мамандар тарапынан интеграциялау барсында сараптама жасалып директор, әдіскер, медбике, пән жетекшілері және топ тәрбишілері тартылып міндеттері белгіленді. АКП жұмысында - педагогикалық, медициналық сауықтыру, психологиялық педагогикалық бағыттарын қамтиды. АКП жұмысы балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыс жоспары негізінде, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық және медициналық сауаттылығын көтеру, оқыту үшін жүреді. Ол үшін ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын мамандар қызметін интеграциялау қажет. Балабақшамызда тәжиреибелі мамандардан құрылған топ бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын басты тұлғалар. Ата-аналарға берілетін әрбір кеңес, әңгімелесу, тесттер, анкеталар, ашық есік күні, байқаулар, ермектік ойын - сауықтар , жарыстар т,б шаралар ата-аналар үшін тиімді және түсінікті болу басты шарт. АКП жұмысында ата-аналар қалауы бойынша 3 формада жұмыс жасайды жеке, топтық, топаралық. АКП ата-аналарды пегагогикалық үрдіске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеді. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі. Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне қалыптастырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген сұрақтар «іске қосылады».«Еліңнің келешегін айтайын, бүгінгі тәрбиелеген балаңды көрсет» деп Төле би айтса, «Ел болам десең - бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай нақты түйіндеген серіктестік пен ынтымақтастықтың негізінде балабақшамен қамтылмаған балалары бар отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға берілетін талаптар нақты болған жағдайда бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы орнайды. Тәрбие жүйелі және нәтижелі болады.