Бөбекжайымызда көптеген жаңа инновациялық технологияларды денешынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетіде пайдаланамын. Мысалы: «Хатка йога», «Стрейчинг», «Ритмапластика», «Аңдар акробатикасы», «Ұлттық ойындар», «Үйлестіруге арналған жаттығулар». Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, балалардың барлық ағзасына және жүйке жүйесі қызметін жақсарта отырып, денсаулықтарын нығайту үшін өте тиімді. Жаңа технологиялардың пайдасы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйретеміз. Өзектілігі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты, кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Дене тәрбиесі – дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға және ұдайы өзін – өзі, оның ішінде сыртқы, дене пішінін жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған.Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы балалардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, баланың талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да ойын іс-әрекеті барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Әке ,шеше және мен», «Джунглиге саяхат», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды ұйымдастырылған іс-әрекетті түрлендіріп өткізуге машықтандырудамын. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отырамын. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде балалардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады.
Денешынықтыру нұсқаушысы:
Накенова Кулай Есмаганбетовна