АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос орын

Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің 

жанындағы Көкшетау қаласының "Арман  "бөбекжайы" МКҚК педагог-психолог

лауазымының  1 бос орнына  ашық конкурс жариялайды

   Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 160 000 теңгеден 170 000 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигізеді және әлеуметтік бейімделе алмаушылық туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.

"Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді.

Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, балалардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануға дайындығын дамытуға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық жағынан дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, жалпы психологияны, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен дифференциалдық психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің қазіргі заманғы әдістерін, баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитариялық қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру ұйымдарында озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені меңгеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.

      Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі

  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

     Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

      Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мекенжай бойынша ұсынуы тиіс

 

Жаңартылған күні: 04.09.2024 18:09
Құрылған күні: 18.11.2024 17:52

Текст