ҚР Оқу Ағарту министрлігінің бұйрығына және Арман бөбекжайының 2024-2025 оқу жылының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 23-27.09.2024ж. аралығында барлық топтарда ата-аналар жиналысы өтті. 27.09.2024ж.сағат 17.30 Арман бөбекжайының ата -аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелеріне арналған жиналыс өтті: Жарғыға енген өзгертулермен таныстыру; 2024 жылғы материалдық-техникалық аһуалды күшейту және шығындар туралы есеп беру; 2025 жылға қойвлған мақсат-міндеттерге шолу жасау; екпе алмаған балаларды қабылдау реті және созылмалы-вирустық аурулармен ауырған балаларды қабылдамау; бөбекжайдың акцияларына қатысу; 6 жасқа толған балаларды шығару тәртібімен таныстыру; қаражат жинамау және т.б.маңызды сұрақтар қарастырылды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, бірнеше сұрақтарға жауап алды. Бөбекжай өміріне қатысып, белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс білдіреміз