АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есептер

№1 «Арман» балабақшасының 2017-2018 оқу жылына арналған есебі

 

 Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасымен  жұмыс жүргізеді.     Бағдарлама  бойынша баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құрылды, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етіліп, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салалары кіріктірілді, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингі  ұйымдастырылып, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының жұмысы жүргізілді.

  Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:

 

р/с

Топтың атауы

Тобы

Жас ерекшелігі

Бала саны

Оқытылу тілі

1

№1 «Қуыршақ»

ортаңғы логопед тобы     

4-5жас

12 бала

қазақ

2

№2 «Балдырған»

ІІ кіші топ

 

3-4жас

22 бала

қазақ

3

№3 «Ақу»

ІІ кіші топ

 

3-4жас

23 бала

қазақ

4

№4 «Құлыншақ»

ортаңғы топ

 

4-5жас

23 бала

қазақ

5

№5 «Қарлығаш»

ІІ кіші топ

 

3-4жас

20 бала

қазақ

6

№6 «Балапан»

ІІ кіші топ

 

3-4жас

22 бала

қазақ

7

№7 «Шағала»

ортаңғы топ

 

4-5жас

22 бала

қазақ

8

№8 «Қонжық»

санаторлық

ІІ кіші тобы

3-4жас

20 бала

қазақ

9

№9 «Ақбота»

санаторлық ересек тобы   

5-6жас

20 бала

қазақ

10

№10 «Жұлдыз»

ересектер тобы

 

5-6жас

19 бала

қазақ

11

№11 «Моншақ» 

ересектер тобы

 

5-6жас

20 бала

қазақ

12

№12 «Гүлдер»

ересектер тобы

 

5-6жас

18 бала

қазақ

13

№13 «Қошақан»

ортаңғы топ

 

4-5жас

22 бала

қазақ

14

№14 «Көбелек»

мектепалды даярлық топ

5-6(7)жас

23 бала

қазақ

15

№15 «Көжек»

мектепалды даярлық топ

5-6(7)жас

22 бала

қазақ

16

№16 «Ботақан»  

ересек логопед тобы

5-6жас

12 бала

қазақ

 

ІІ кіші топ – 107

Ортаңғы топ – 79

Ересектер тобы – 89

Мектепалды даярлық топ - 45         

  Бала бақша  «Мектеп жасына  дейінгі  балаларды М. Монтессори  жүйесі бойынша  ерте дамыту»  технологиясымен жұмыс істеп келеді.  Оқу қызметі  М. Монтессори кабинетінде жүргізіледі. М.Монтессори кабинетінің жетекшісі тәрбиеші Б.Х.Галимовада Монтисори –педагог куәлігі бар, 3 тәрбиеші  «М.Монтессори педагогикалық ілімін енгізу негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары  педагогтерінің кәсіби құзырлығын арттыру» курынан өткен.  М.Монтессори  технологиясын оқу қызметінде қолдануда:

  Бірішіден,  балалар  өз ойларын еркін  жеткізіп, бір-бірімен жақсы қарым - қатынас жасауға, өз  еркімен жұмыс жасауға және қателерін тауып,  өз жұмыстарын бақылауға үйренді.     

 Екіншіден, балалардың ойлау белсенділігі артып,  қызығушылықтары  оянды, тәрбиешілердің   бойында  да ізденуге талпыныс күшейді. Аймақтарда   топтық  жұмыстар  мен  жекелей  жұмыстар нәтежиесінде  балалардың  оқуға деген қызығушылықтары артып, білім  деңгейлері   көтерілді.

"М.Монтессори  технологиясы белсендік   аймақтары   арқылы  балалардың  жан - жақты  дамуын  қамтамасыз  ету. Жеткіншектердің  бірегей  қабілеттерін дамытуға  бағытталған  айрықша  әдістерді   пайдалану арқылы  балаларды  тәрбиелеу  мен   білім  беруді дамыту.

Басты іс-әрекеттер:

1. білім беру,  отбасын, қоғамды  тарту.

2.балаларды  тәрбиелеу мен оқытудағы  қағидаларды қолдану.

3.баланың  табиғи  қабілетін  ашу.

4.баланың  жеке  басының ерекшеліктерін ескере отырып  және жаңа технологиямен  таныстыру.

 Балаларды оқыту  мен  тәрбиелеуде  отбасының  басты  рөлін  мойындай   отырып, бірлесіп жұмыс істеудеміз. Әрбір тәрбиеші ата - аналармен  қарым - қатынас жасаудағы түрлі  тәсілдердің бірі "Монтессори технологиясын"  пайдалана  отырып , ата - ананың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жұмыс  жасайды.    Біздің бала - бақшада  ата -аналармен  жұмысты ұйымдастырудың  негізгі  мақсаты:

- Ата - ананың  өмірге  деген  көзқарасын өзгерту;

- баланың  бүгінгі жасаған қадамы  ертеңгі  тұлға  қалыптасуына үлкен  әсер  ететінін   көрсету;

- ата - анамен  жұмыс  жасаған  кезде бірізділік  қағидасын  басшылыққа  алу.

         Балабақшаның жұмыс жасайтын негізгі бағыты: «Қазақ энопедагогикасы- тәрбие бастауы». Мектеп жасына дейінгі балалардың  жан- жақты тәрбиелеуде қазақ этнопедагогикасы  материялдарын балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеп алып, оқу-тәрбие үрдісінде  қолданудың маңызы зор. Бүгінде біз ата-баба дәстүрінен жалғасын тауып келе жатқан асыл мұраны ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті ұрпақ тәрбиелеуді мектепке дейінгі шақтан қолға алудамыз. 2015-2020 оқу жылдары аралығында «Қазақ этнопедагогикасы- тәрбие бастауы» әдістемелік тақырыбын алып отырмыз.

Зерттеудің негізгі кезеңдері

 Бірінші кезеңде (2015-2016 жж.) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық-педагогикалық негіз зерттелді, этнопедагогика   бойынша деректер жинақталды.

Екінші кезеңде (2016-2018жж.) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді,  тәжірибелік-этнопедагогика жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, балабақшада іс жүзінде жүзеге асырылып әдістемелік нұсқау шығарылады.

Үшінші кезеңде (2018-2020 жж.) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланады. Патриоттық тәрбиеге байланысты педагогикалық құнды ой-пікірлер сараланып, жүйеге келтіріледі. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасалады, зерттеу тұжырымдамалары анықталады.  Іріктелген материалдар әдістемелік нұсқау   жұмысы болып жинақталды.

«Қазақ этнопедагогикасы- тәрбие бастауы» бағытында «Этнопедагогика» атты кабинеті ашылып және «Адамгершілік - асыл мұра» тәжірибе тұрғысынан ұйымдастырылған оқу қызметінің вариативтік бөліміне енгізіліп, қосымша ұйымдастырылған оқу қызмет ретінде өткізілді.  «Адамгершілік - асыл мұра» атты көмекші құрал кітапша шығарылды. Бала бақшаның оқу-тәрбие жұмыстарына қазақ этнопедагогикасын қолдану негізінде балалардың тілін дамыту, саналы тәрбие беру көзделген. Көмекші құралда қазақ халқының салты мен дәстүрін мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті етіп жоспарлап, көмекші құрал жинақталған.

           Балабақшаның жұмыс жасайтын негізгі бағыты: «Қазақ энопедагогикасы- тәрбие бастауы». 2017- 2018 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесінде осы бағыт бойынша жасалған шығармашылық     есептердің  сараптамасының  нәтижесінде келесі шешім шығарылды.  2018- 2019 оқу жылы мәселенің өзектілігін  шешу жолдарындағы жұмыстар жалғастырылатын болып шешілді.  Жылдық жұмыс жоспарында балабақшада жыл бойына жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары жылдық міндеттерді басшылыққа ала отырып жоспарланған.

  Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерімен толықтыру мақсатында материалдық базаны нығайту және жаңа технологияларды оқу үрдісіне кіргізу, технологиямен жұмыс жасап жатқан педагогтардың жұмыстарын жалғастырамыз.

  Жаңа технологиялар  2017-2018 оқу жылында  өткізілген іс-шараларда қаралды:

2017-2018 оқу жылы М.Монтессори технологиясы  бойынша жұмыс жақсы деңгейде жүргізіліп, жаңа оқу жылында жалғасады. №4 «Құлыншақ» ортаңғы топ, №15 «Көжек» ересектер тобы.

2017-2018 оқу жылында тәрбиешілермен және арнайы пән мамандармен жылдық жоспарға сүйене отыра үлкен жұмыстар атқардық.

    Нақтырақ айтатын болсам әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер мен тақырыптық сабақтар, ойын-сауық кештер, спорттық ойындар өтіп отырды.

 Ойын   балалардың  негізгі іс-әрекеті. Күннің екінші жартысыда топта балалар  әр түрлі ойындар арқылы өзара қарым-қатынастарын нығайтады. Ойынға деген  сүйіспеншілігі молая түседі. Сол себепке байланысты желелі–рөлді ойындар «Ойнайық та,ойлайық» апталығы өтті. 

  2017-2018 оқу жылы барысында мекемеде 1-қыркүйек  Білім күніне арналған «Білімді ел – мәңгілік ел»тақырыбында  тақырыптық сабақтар  ұйымдастырылды.  «Ана тілі-асыл нәрі бабамның» Қазақстан халықтарының тілдері онкүндігіне байланысты мекемеде     іс-шаралар ұйымдастырылды

 Қазан айының алғашқы күндерінде мекемеде мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жүргізілді.   «Ұстаз –деген ұлы есім» қызметкерлерге арналған салтанатты жиналыс ұйымдастырылды. Мекемеде «Дүниежүзілік қарттар күні» бойынша жүргізілген айлық жоспары жүргізілді. «Қарттарым алтын - қазынам»  тақырыбында тақырыптық сабақтар өткізілді. Мектепалды даярлық топтары ата-әжелерді қонаққа шақырып, мерекемен құттықтапғ ән-шашуларымен билерін арнады.

    Күз мерекесіне байланысты мекемеде «Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды, әр топта ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте қонаққа Күз ханшайымы келіп, балалардың көңілін көтерді.

   Мекемеде Жаңа жыл мерекесіне арналған шырша құрылып, іс-шаралар жоспарланып, іске асырылды. Ертеңгілік қарсаңында әр топ өз топтарында ата-аналармен бірлесіп көрме  ұйымдастырды.  Барлық ертеңгіліктерге ата-аналар қатысып, балаларының өнерлерін тамашалады. Қонаққа Аяз ата, Ақшақар , ертегі кейіпкерлері келіп балалардың өнерлерін тамашалап, көңілдерін көтерді.

   8-ші Наурыз мерекесі қарсаңында барлық топтарда аналарды құттықтауға арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылды. «Ана өмір шырағы» тақырыптырында аналарды, сүйікті әжелерді құрметтеуге арналған ертеңгіліктер өткізілді. Балалар өз әже, аналарына арнап өнерлерін көрсетті.

  «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі» қарсаңында мекемеде барлық топтарда іс-шаралар ұйымдастырылып, тақырыптық сабақтар мен ойын-сауық кештері өткізілді.

Наурыз мерекесі барысында балаларға ата-бабалардан қалған салт-дәстүрлерді көрсетіп қайта жаңғырту шаралары жүргізілді, балаларды адамгершілікке, достық қарым –қатынасқа, ынтымақтастыққа тәрбиелейтін бұл жұмыстар жақсы дәрежеде өтті.

         Мекемеде сәуір айында Ғарышкерлер күніне арналған төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды. «Біз кішкентай ғарышкерлер» тақырыбында ата-аналарымен бірлесіп салған балалардың  сурет көрмесі  ұйымдастырылды. Топтарда «Ғажайып ғарыш», «Ғарышкерлер» атты тақырыптық сабақтар  өткізілді.

       Мекемеде “Достық шаңырағында”сурет көрмесі барлық топтарда ұйымдастырылды оған ата-аналар ат салысты. 1 мамыр мерекесі қарсаңында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды  2–ші кіші тобында  «Ақпыз,қара, сарымыз ағайынбыз бәріміз», «Достық шаңырағында» әңгіме-сабақ өткізілсе .Ортаңғы тобында «Бірлік бар жерде, тірлік бар» , «Достық пен бірлік мерекесі» атты тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды. Ересек топтарында   «Бір шаңырақ астында» , «Досы көпті жау алмайды» атты көңілді жарыс өткізілді. Мектепалды даярлық топтарында «Достық мекені», «Достармен біз біргеміз»тақырыптарында  ойын-сауықтар ән-күй жетекшісінің ұйымдастыру арқылы жүргізілді.

   Мекемеде 9 мамыр Жеңіс мерекесі қарсаңында төмендегідей іс-шаралар өткізілді.  «Жеңіс күнін тойлаймыз!» суреттер көрмесі барлық топтарда ұйымдастырылды.2-ші кіші тобында «Ерлік –ұрпаққа мұра!», «Ешкімге ұмытылмайды,еш нәрсе де ұмыт қалмайды» әңгіме сабақтар өткізілді. Ортаңғы  тобында «Мәңгі жаса, Жеңіс тойы» «Мамыр айындағы Жеңіс күні!»тақырыптық сабақ өткізілсе. Ересек топтармен «Мәңгі жаса, Жеңіс тойы!» тақырыбында, мектепалды даярлық топтар балаларымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты сайыс өткізілді. Мектепалды даярлық топтары«Жеңіс туы желбіресін!» мерекелік саптүзеу  өткізді. Аталған іс-шараларға барлығына дерлік ата-аналар қатыстырылды. Қызметкерлер арасында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты спорттық сайыс өткізілді.

   Мамыр айының соңғы күндеріндегі  мектепалды даярлық № 15 «Көжек», №14 «Көбелек» топтарының «Балабақшамен қоштасу» ертеңгіліктері ұйымдастырылып өте жақсы дәрежеде өтті.

  Мекемеде 1-ші маусым Балаларды қорғау күніне байланысты  іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Жыл бойы  педагогтар  өзін-өзі жетілдіру  жоспарлары бойынша  жұмыс істеді. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды: шығармашылық  есептер, педкеңестердегі  баяндамалар, семинарлар, ашық сабақтар және тақырып бойынша  шағын  кітапшаларын  шығарды.

 

№1 «Арман» бала бақшасының 2017 – 2018 оқу жылда Республикалық, обылыстық, қалалық сайыстар мен байқауларға қатысқаны жайлы ақпарат

Марапат атауы

Қалалық байқау

Облыстық байқау

Республикалық сырттай байқауы

Қатысушылар

1

«Жас маман -2017» номинациясы

«Тәлімгер мен жас маман дуеті 2017»

 

 

№16 топ тәрбиешісі              С.Т.Сендибаева,  №15 топ тәрбиешісі Ауган Кенжегул

2

І дәрежелі Диплом

«Әке көрген оқ жонар»

 

 

Атығаев Орынбай №15 топ Хасанның Әкесі

3

ІІІ орын

«Рухани жаңғыру» «Отаным тағдырым» ЭССЕ

 

 

Бейсекеева Асылжан Амангелді

4

Мадақтама

Номинация

«Рухани жаңғыру» «Отаным тағдырым» ЭССЕ

 

 

Куатова Айнур Есильбаевна

5

Мадақтама «Сурет- арманым» Номинация

«Менің елім -Қазақстан» сурет салу

 

 

№12 «Гүлдер» тобының балалары, Жоламанова А.Ж.

6

Құрмет грамотасы

 

 

Республикалық ұстаздар сайтына «Ұстаз тілегі»

Мукашева Карашаш Кайрушевна

7

Диплом 

 

 

Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «Үркер» зиаткерлік марафоны. Пони сырттай қатысу

№15  «Көжек» тобының тәрбиеленушісі Каримова Айару

8

Диплом  

«Ең үздік әзірленген флипчарт- сабақтар»

 

 

Каратаева Куляйса Курмашевна

9

І орын

«Ең үздік педагог 18»

 

 

№15 «Көжек» тобының тәрбиешісі Есжанова Кенжегүл

10

ІІ орын

«Көкше ханшайымы»

 

 

№4 «Құлыншақ» Утемуратова Айымхан

11

Диплом

«Көкше ханшайымы»

 

 

№13 «Қошақан» Балташева Аруназ

12

Диплом

 

 

Пони сырттай қатысу

№14 топ балалары қатысты және Нысанова С.Т.

13

ІІ дәрежелі

Диплом

«Көкшетау» және «Степной маяк»

 

 

№ «Арман» балабақшасы ұжымы

14

Сертификат

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай «Көкшетау» және «Степной маяк», Астананың 20 жылдығына

 

 

Шаймерденова А.Е., Накенова К.Е., Анасова Г.А., Канапина З.С., Жусупова А.М., Боатаева Ж.Г., Қарақбай Г.Ш., ЖумажановаӘ.О.

15

І дәрежелі Диплом

 

 

«Білім берудегі педагогикалық инновацияларының жаңа белестері» атты Халықаралық Форумындағы үздік жоба үшін

Нүркеева А.С. логопед

16

Грамота

 

 

Білім берудегі педагогикалық инновацияларының жаңа белестері атты Халықаралық Форумына қатысқаны үшін

Козубаева А.Е. педагог- психолог

17

Алғыс хат

«Балғыншақ»-2018

 

 

Авезов Убайдолла

18

ІІІ орын

Үздік авторлық бағдарлама

 

 

Нуркеева А.С.

19

ІІІ орын

Ең үздік фотоколлаж

Ханталапай

 

 

№1 «Арман» балабақша ұжымы

 

 

Семинарлар мен әдістемелік бірлестіктер:

 

Мерзімі

Семинардың тақырыбы

2017 – 2018 жж

25.08.2016

№1 «Арман» бала бақшасы

Тамыздық  секциялық отырыс

Денешынықтыру нұсқаушыларының тамыз секциялық отырысының жұмыс жоспары

2017-2018 оқу жылы

Секцияның тақырыбы: «Білім-болашақ ел жетістігінің іргелі факторы»

16.11.2017ж.

Қалалық әдістемелік бірлестік

Мектепке дейінгі мекемелердегі орыс тілі мұғалімдерінің қалалық семинары

Тақырыбы: «Орыс тілі балабақшада»

22.11.2017ж.

Облыстық семинар

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған  облыстық семинар

Тақырыбы: «Step by step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық дамуы»

26.10.2017ж.

«Дене тәрбиесі нұсқаушысының кәсіби-тұлғалық дамуы» шеберлік сағат «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ

Тақырыбы:«Аңдар акробатикасы»

06.12.2017ж.

«М.Монтессори технологиясы бойынша негізгі сенсорлық материалдарды балабақшада  тиімді қолдана білу» атты семинар-практикум

Тәрбиеші, Монтессори-педагог Галимова Б.Х.

Тақырыбы:Цилиндр блоктары және түрлі-түсті цилиндрлар

Тәрбиеші: Анасова  Г.

Тақырыбы:1,2,3 түрлі-түсті тақтайшалармен таныстыру

19.04.2018ж.

 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері» атты республикалық онлайн семинар-практикум

Әдіскер: Исмагулова А.Е.

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда жас мамандардың қызмет ету барысында кездесетін проблемалары»

24.04.2018ж.

Қалалық әдістемелік бірлестік

Мектепке дейінгі мекемелердегі ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикум

Тақырыбы: Ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану барысында ағылшын тілін үйрету

Ағылшын мұғалімі: Қуатова А.Е.

«Ағылшын тілі сабақтарында флипчарт бағдарламасын қолдану

30.04.2018

Тақырыбы:Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың танымдық қабілетін дамытуда М.Монтессоридің сенсорлық-дидактикалық материалдарын тиімді қолдану жолдары" облыстық әдістемелік семинар

Тәрбиеші: Анасова  Г.

Хас-шебер: «Жылу (жылулық, жылы)тақтайшалары»

Тәрбиеші:Галимова Б.Х.

Хас-шебер: «№1,№2, №3, №4, №5 – сындарлы үшбұрыштарды қолдану ерекшеліктерімен таныстыру»

Хас-шебер: «А,В,С.Д цилиндр блоктары және түрлі-түсті цилиндрлармен таныстыру (қызғылт мұнара, қоңыр баспалдақ, қызыл зілтемір)»

 

22.05.2018ж.

Тақырыбы:«Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында республикалық онлайн семинар-практикум

Тәрбиеші, Монтессори-педагог Галимова Б.Х.

Тақырыбы: «М.Монтессори технологиясын сауат ашу сабағында қолдану ерекшеліктері»

 

        

Авторлық жұмыс

2017 жылғы 17 қаңтардағы әдістемелік отырыстың шешімі бойынша

17.05.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында астананың 20-жылдығына араналған «Білім берудегі педагогикалық инновацияларының жаңа белестері» халықаралық форумы

 

Аты- жөні

Тақырыбы

 

Марапаты

1

Алгужина Г.А.

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда мнемотехнологияның маңызы.

Сертификат

2

Байзакова Гульнур Елубаевна

 

Еңбек тәрбиесі

Сертификат

3

Калиева Гульнара Досжановна

 

Дәстүрден тыс сурет салу түрлері.

Сертификат

4

Баймендина Гаухар Каиргужиновна

Мектеп жасына дейінгі балаларды мнемотехниканы таныстыру жолдары мен әдіс-тәсілдері.

Сертификат

5

Мендыбаева Сандагаш Тайлаковна

Сенсорлық тәрбие берудің маңызы

Сертификат

6

 

 

Касымбекова Тымаркуль Бекарыстановна

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру бағыттары.

Сертификат

7

Галимова Бегзат Хаиргельдиновна

Хас-шебер: М.Монтессори технологиясы  бойынша, «<», «>» амалдарымен таныстыру, «+», «-» есеп шығару, 11-20 сандарын бекіту.

Грамота

8

Нуркеева Айгүл Сериковна

«Мектепке дейінгі ұйымдарда

4-5  жасар жалпы тілі дамымаған балаларға  арналған  әдістемелік құрал.

 

І орын

9

Козубаева А.Е.

 

Мектепке дейінгі білім

беру ұйымдарында

арт-терапия элементтерін қолдану.

Грамота

 

Өз іс тәжірибесімен 3 педагог бөлісе отырып,жүргізілген жұмыстары бойынша әдістемелік құралдар шығарды. Денешынықтыру нұсқаушысы Мадиева А.Т. өз жұмысын қалалық деңгейде қорғап, қалалық әдістемелік отырыстың шешімімен келісілген КУӘЛІККЕ ие болды.

  Бала бақшада қалалық, облыстық деңгейде семинарлар, ашық сабақтар өткізіліп жоғары деңгейде бағаланды.Бала бақша ішінде әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер, тақырыптық сабақтар, ойын-сауық кештер, спорттық сайыстар өткізілді. 7, 9 -  мамыр мерекелеріне  байланысты бала бақшада сап түзеу өтті. Мектепалды даярлық, ересек топтарының балалары өздерінің болашақ ел қорғаушы азаматтары екендігін көрсетті.

  №15 «Көжек», №14 «Көбелек»  топтарының   45 түлегі стандарт бойынша толықтай дайын болып балабақшамен қоштасты.

Жаңартылған күні: 03.04.2019 14:10
Құрылған күні: 03.04.2019 15:10

Текст