Текст
Ұйымдар тізімі
1.«Жылама, апайың ұрсады» деп айтпаған дұрыс. Бұл баланы қорқытады. Керісінше, «Балабақшада ойын көп, достарыңмен қызық өтеді» деп жігер беріңіз.
2. Балаңызды күн сайын әкелуге тырысыңыз. Бір күн келіп, бір күн қалдыру бейімделуді қиындатады.
3. Қоштасуды ұзаққа созбаңыз. Қысқа ғана жылы сөз айтып, күлімсіреп шығарып салыңыз.
4. Өз уайымыңызды білдірмеңіз. Бала ата-анасының көңіл-күйін сезеді. Сіз сенімді болсаңыз – ол да өзін жайлы сезінеді.
5. «Қалсаң, кешке тәтті беремін» деп уәде бермеңіз. Бұл бейімделу процесін баяулатады.
* Балаңызға жылы сөздер айтыңыз:
«Бүгін жаңа ойын ойнайсың»,
«Достарыңмен қызық уақыт өткізесің».