АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру

«Рухани Жаңғыру» - балабақшадан басталады

 

                                               

Мектепке дейінгі аралық - балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін өте ыңғайлы кезең. Себебі, бұл кезеңде бала айналаны аса сезімталдықпен, үлкен әсермен қабылдайды. Сондықтан да, жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани эталондар мен мінез-құлық ережесін қалыптастыру үшін бұл аралықты өткізіп алмау керек, деп есептейді балабақша мамандары. Бала өмірінің алғашқы 7 жылында жинақталған көзқарас оның тұтас өміріне азық болады. Бірақ, қазіргі ата-аналар балалардың рухани дамуына мүмкіндік бермей, ерте жастан интеллектін дамытуға басымдық беріп жүр. Оларға баласының мектепке барғанша әріптерді білуі, ағылшын тілінде сөйлеуі және жаза білуі маңызды. Өй-өрені қуып жүргенде, кішкентай адамның рухани-адамгершілік дамуы көлеңкеде қалады. Онсыз барлық сатып алынған білім түкке аспай қалады, баланың эмоционалды-рухани жетілмеу мәселесі туындайды. Біз балабқшада ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, әр дайын бала тәрбиесіне байланысты көптеген жұмыстар жүргіземіз. Мектепке дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін халық педагогикасының кеңінен пайдалану керек. Өйткені, баланың ойы, сезімі, қиялы ойын арқылы өседі. Демек, тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын уақытына сай тәрбиелеу ісіне ойындардың қосар үлесі үлкен.

          Сәби мектепке дейінгі мекемеге келген сәттен бастап, өмірінің әр сәті оның денсаулығының нығаюына, шынығуына бағыт алу керек. Себебі, балабақшаның ең басты міндетінің бірі бала өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, нығайту мен жан-жақты дамуына қамқорлық жасап, қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі  баланың дене дамуына әсер ететіндей жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Мектеп жасына дейінгі балаланың дене шынықтырудың негізі ойын болып табылады. Ойындар арқылы бала өзіне пайдалы қозғалыс әркеттерін меңгереді және оған жаттығады.

          Әсіресе, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарды балдырғандарға үйретіп, бойына сіңірудің мән-маңызы ерекше. Өйткені, баланың ойы, сезімі, қиялы ойын арқылы өседі.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 03.04.2019 13:59
Құрылған күні: 08.05.2019 09:37

Текст