АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түйме терапиясы

Түйме  терапиясы

Дайындаған  педагог-психолог: Козубаева А.Е.

 

Психолог пен тәрбиешілер  және ата-аналар үшін қол жетімді әрі ыңғайлы терапияның бір түрі – түйме терапиясы. Түйме  терапиясын оқу іс-әрекетінде кең көлемде қолдануға болады. Осы терапия үшін қажетті материалдардың қарапайымдылығы, қолжетімділігі жұмыс істеуге жағдайдың  барлығы балалардың сәндік-қолданбалы өнермен айналысуына да көп мүмкіндік береді.  Еңбек қауіпсіздігі және санитарлық гигиенаны сақтау барысында да ұсақ ірі көлемдегі түймелерді жуып тазалауға,  кварцқа қоюға ыңғайлы.  Балаларды бастаған істі соңына дейін аяқтай білуді үйретуге, қарапайым еңбек тәртібін сақтауға, ауызға салуға болмайтындығын айтып түсіндіру, қажетті материалдарды үнемді және ұқыпты пайдалануға, құрал-жабдықтарды пайдалану және оларды сақтауға тәрбиелеу қажеттігін айту маңызды. 

Көбіне ата-аналарымыз балаларға ұсақ заттарды «жұтып қояды» деп шектеу қойып жатады. Балалардың ой-қиялдарын, зейінін,  сенсорлық тәрбиесін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру үшін түймелерменде баланың қызығушылығын арттыруға болады. Балаларды түстермен, геометриялық пішіндермен таныстырып, түсін, пішін, көлемін ажырата білуге үйретуге болады. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету, ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамытуға, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту, салыстыруға, түсі, көлемі және пішіні бойынша тандап алуға, сәйкестіруге үйретуге болады.

Түстен кейінгі уақытта балаларды түймелі жолдармен жүргізудің де пайдасы бар екенін білеміз.  Дидактикалық ойынға үйрету кезеңдері 1 кезең ойын ережесімен іс-әрекетті нұскау бойынша орындау. Түймелерді түсіне және көлеміне қарай тандап алу, 4 және 6 бөліктерден құрастыру.

Дидактикалық ойын: «Үй құрастыру»,  яғни түймелерден үй жасау,  д/о «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр», д/о: «Дәл осындай түймелерді тап», д/о «Төрт тесігі бар түймені тап», д/о «Ең үлкен түймені, ең кішкентай түмені тап»,  т/б келтіруге болады. Бұл ойындар баланың ұсақ моторикасын дамытады, ойлау, қиялдау қабілеттерін және тілдеріне әсер етеді.

 

https://pp.vk.me/c623716/v623716275/6f959/ItFRgnE55MM.jpghttps://pp.vk.me/c623716/v623716141/48622/QIbqSc2lKXo.jpghttps://pp.vk.me/c623716/v623716975/4acc3/QZkYiKatISM.jpghttps://pp.vk.me/c623716/v623716064/5722c/upVbzMzGBJ8.jpg

Мысалы баланың танымдық процестерін дамыту, есте сақтау процестерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту ұсақ-қол моторикасын дамыту, ойын әрекетін қалыптастыру, зейін мен ойлауды дамытып, балаларда жағымды эмоция қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді.

Түйме терапиясын дидактикалық ойын арқылы жетілдіруге болады.

Мақсаты: Арттерапия элементтерін қолдану. Балалардың сенсорлық тәрбиесін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру. 

Міндеттері: 

·Балаларды түстермен, геометриялық пішіндермен таныстырып, түсін, пішін, көлемін ажырата білуге үйрету.

·Түрлі пішіндегі түймелерді көлемі мен түстеріне қарап бөлу.

·Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.

·Басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту.

Бұндай ойындардың сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

·Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;

·Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын ретке келтіру;

·Байқағыштығын дамытады;    

·Шынайы өмірге дайындайды;     

·Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;     

·Қиялдың дамуына негіз болып табылады;       

·Зейінін дамытады;       

·Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді

·Сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді; 

·Ойын іс-әрекет қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;    

·Баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;

·Көру, есту, бейнелі және т.б есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді;

Күнделікті өмірде бала әртүрлі заттарды кездестіреді– бұл оның жақсы көретін ойыншықтарымен қоршаған ортадағы заттармен  көркем туындыларды – сурет, мүсіндерді үйлестіре білулеріне көмек береді. Түймеден басқа мозайка ойынындары да балалар үшін өте пайдалы терапия. Педагогтің көмегімен жеңіл суретті құрастырады.

Мысалы: Тәрбиеші күнді орналастырса, ал бала шуағын жалғастырады. Осы ойындар біріншіден баланың ұсақ қол моторикасын дамытады, ойлау және шығармашылық қабілетін қалыптастырады.

Пазлдар жұмсақ-қатты, үлкен-кіші болады. Пазлдар ойыннын ыңғайлы, ұстайтыны болады. Бала оның көлеміне қарап, орының табады және суретте не екенің айтады. Пазлдар ойындары баланы шыдамдылыққа, байқағыштыққа, ұқыптылыққа  үйретеді және ойлау мен ұсақ қол моторикасын дамытады. Түймелерді түймелеу және жіптерді өткізу ойындары  балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И.Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен. Ұсақ қол моторикасына жіппен,түймемен ойындар арналған. Баланың саусақтары жаттығады және де өмірде қолданады.

Мысалға, түймелерден жыл мезгілдеріне байланысты тақырыпта түр-түстері мен көлемдеріне қарай балаларғ тапсырма беріп ұсақ қол маторикасын, ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ол үшін,  ПВА желімі,әр түрлі –түсті түймелер,бояуларды қодануға болады. Қауіпсіздік шаралын естен шығармау.

 

 

 

       

Жаңартылған күні: 16.02.2024 15:27
Құрылған күні: 16.02.2024 15:27

Текст