Тақырыбы: «Баланың сөйлеу тілінің дамуына Су-Джок терапиясының пайдасы»
Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі қарқынды дами бастайды. Осы кезде баланың тірегі ата-анасы. Ата-анасынан естіген сөздерді бала айтып үйренеді. Сондықтан ата-ана баламен сөйлеу тілін дұрыс меңгерсе,келешекте баланың сөйлеу қабілеті дұрыс дами бастайды.
Саусақтар мен табан нүктелерінде ішкі органдармен және ми қыртысының түрлі бөліктерімен өзара байланысқан нүктелер мен аймақтар бар. Сүйектердің қозғалыстарына жауап беретін және саусақтардың қозғалысын басқаратын церебральді қыртыстың аудандары бір-біріне жақын орналасқан. Мидың қыртысына бара жатқанда, саусақтардағы жүйке импульстері көршілес сөйлеу аймақтарын белсенді етуге ынталандырады. Сондықтан Су-Джок терапиясы сөйлеу бұзылуларының алдын алу және түзету үшін мидың қыртыс аймақтарына әсер етеді.
Логопедиялық техналогия бағыттарының бірі - Су-Джок терапиясы. Сөйлеуді түзету барысында су-джок терапиясын қолдана отырып, балалардың саусақ ,бұлшықетін жетілдіру және қолдың қозғалысын жақсарту бойынша жұмыс жасалады..Су-Джок шардың ішіндегі массаждық сақиналарды саусақтарға кигізу арқылы, олармен жетуге қиын жерлерді массаж жасауға болады.Бұл терапия қолданғанда баланың сөйлеу қабілеті артады,көңіл күйі көтеріледі, баламен оңтайлы сөйлеуге мүмкіндік береді, балалардың физикалық және психикалық өнімділігін жақсартады.Су-Джок шардың үлкендерге де,балалар ағзасына ешқандай зиян келтірмейді,сондықтан үй жағдайында ата-аналар суд-джок шарды баламен жұмыс жасауға қолдана алады.
Дайындаған : логопед Г.К.Саликова