АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға кеңес

Дефектолог маманының ата- аналарға кеңесі.

     Ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек көрсетеміз, соның ішінде жиі кездесетін психикалық дамудың тежелуі (ПДТ) – бұл психикалық функциялардың (зейін, ойлау, есте сақтау) дамуының бұзылуымен сипатталатын диагноз. Ол балаларға, әдетте, 2-3 жасында қойылады. Алайда, егер сіз уақытында анықтай алсаңыз, онда жағдайды түзетуге болады. Барлығы өздігінен дамиды деп күтіп, 6-7 жасқа дейін байқамасаңыз, онда баланы коррекциялық сыныпқа жіберу қаупі бар.

Ата-аналар өздерінің баласының бойындағы ерекшеліктерді қалай анықтай алады? Оның негізгі көріністерінің бірі-оқу процесінің қиындықтары. ПДТ айқын белгісі, эмоционалды ерік-жігер жағынан жетілмеуі, зейіннің тұрақсыздығы, сөйлеу тілінің дұрыс дамымауы, есте сақтау және ойлау қабілеті төмен болып келуімен көрінеді.

Ата-аналарға баласының бойында ерекшелігі барын мойындау қиын. Көбінесе олар баланың әлі «тым кішкентай», «жай ғана белсенді» немесе «өз қарқынымен дамып келе жатқанына» сеніп, мәселелерге көз жұма қарайды. Әрине, әркімнің өзінің даму жылдамдығына байланысты, бірақ оны жеңу үшін мәселені уақытында қадағалап отыру өте маңызды.

Ата-ана тарапынан қай жағына назар аудару керек:

•      Бала көп сөйлемейді, құрдастарымен және ересектермен аз сөйлеседі. Балалар оны өз ойындарына қабылдамайды.

•      Эмоционалды тұрақсыздық. Бала негізсіз қуанышты болуы мүмкін немесе керісінше алаңдаушылық пен мазасыздықта болуы мүмкін.

•      Ұйымдастырылған іс-әрекеті кезінде мұндай балаларға зейін қою, педагогтың нұсқауын орындау қиын.

•      Сөйлеудің дамуы жас нормаларына сәйкес келмейді.

Бұндай жағдайда сіз педагогке, тіпті – балаға ұрыспауыңыз керек. Одан да логопед-дефектологпен байланысыңыз!

ПДТ балаға көмектесуге болады ма? Иә, әрине. Бірінші қадам – толық қанды тексеруден өту керек. Педиатрдан басқа, сіз проблеманы түсінетін және түзету шараларын тағайындай алатын нейропсихологқа баруыңыз керек. Содан кейін дефектолог-логопед кеңесінен  өтіп болғаннан кейін, кешенді түзету жұмыстары басталады.

Ата-аналар ПДТ түзетуге болатындығын және оны түзету керектігін ұмытпауы керек. Ең бастысы – күш салу және барлығымен кешенде жұмыс жасау керек. Айқын нәрсені жоққа шығармаңыз. Маманға неғұрлым тезірек хабарлассаңыз, көмектесу соғұрлым оңай болады. ПДТ емдеу – бұл тез немесе қарапайым процесс емес. Алайда, бірлескен күш-жігер, жан-жақты жүйелі түрдегі көмек балаға өз құрдастарын қуып жетуге мүмкіндік береді.

 

                      Педагог-дефектолог: Г.А.Алгужина

 

Жаңартылған күні: 19.01.2024 14:51
Құрылған күні: 19.01.2024 14:51

Текст