Текст
Ұйымдар тізімі
06.10.2025
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Арман” бөбекжайы Консультациялық пункт: Сізге көмек көрсетуге дайынбыз! Консультациялық пункт жоспарына сай мамандардың қабылдауы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қабылдау барысында туындаған сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талқыланып, тиімді шешу жолдары қарастырылуда.
КП қызметі:
*мектепке дейінгі балаларды дамыту бойынша кеңес: баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуын бақылау және қолдау;
*педагогикалық кеңес: үйде тәрбиелеу тәсілдері мен ойындар бойынша ұсыныстар;
*психологиялық кеңес: баланың сөйлеу қабілетін дамыту және эмоционалды тұрақтылығын қолдау. КП үйде тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналарына, балабақшамен қамтылмаған балаларға арналады.