АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік күні» Ұйымдастырылған іс-әрекет. №1«Қуыршақ» ересек тобы. Тәрбиеші С.Т.Мендыбаева

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау
         қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайы
 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫПТЫҚ САБАҚ

«Тәуелсіздік күні»

№1«Қуыршақ» ересек тобы

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші : Мендыбаева С.Т.

 

 

 

 

 

Көкшетау қ

Мақсаты:           Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

 

Көрнекіліктер:           Елбасы портреті, Қазақстан Республикасының  туы,  елтаңбасы,  әнұраны және тағы басқа кітапшалар.

 

Әдіс-тәсілдері:    түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

 

Оқу іс-әрекеттің барысы:Балалар біз бүгін

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.

 Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.

 Тәрбиеші: Отырыңыздар.

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

 

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

  

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?

 

 Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)

 

Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

 

Қос пырағым қос қанат,

Шаңырағым күн менің

Шолпан жұлдыз маңдайда.

Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)

 

Көк аспанның түсі бар

Ортасында      күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінң Туы)

 

Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

 

          Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?

 

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.

 

          Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

          Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

          Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.       

          Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Серігіту жаттығуы.

                    Көк байрақ желбіре,

                            Асқақтап аспанда

                            Жас ұлан ел- бірге

                            Сап түзе,  жасқанба  /2-рет

 

 

Ұжымдық жұмыс . Балалар тапсырманы орындайды

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.

 

 

Жаңартылған күні: 14.12.2022 16:21
Құрылған күні: 14.12.2022 16:21

Текст