Тәрбиешілерге арналған қысқы мезгілде серуенді ұйымдастырудың
ЖАДНАМАСЫ
1. Күнделікті балалармен серуенге шығудың ұзақтығы 4-4,5 сағаттан кем болмауы керек.
Балалар серуенге күніне 2 мезгіл шығулары керек: 1 жарты күнде- түскі асқа дейін және күннің екінші жартысында- күндізгі ұйқыдан кейін немесе үйге қайтардың алдында.
2. Егер ауаның температурасы 15С-тан төмен болса және желдің күштілігі секундына 7 м асқан жағдайда серуеннің ұзақтығы қысқартылды.
3. Егер ауаның температурасы 15С-тан төмен болса және желдің күштілігі секундына 15 м асып кетсе – 4 жасқа дейін балалар серуенге шықпайды, ал ауаның температурасы 20С-тан төмен болып желдің күштілігі секундына 15 м асып кеткен 5-7 жастағы балалар да серуенге шықпайды.
4. Серуеннің құрлымы болып табылады:
- бақылау;
- еңбек;
-дене-шынықтырудан жеке жұмыс;
- қимылды ойындар.
Тәрбиеші барлық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін биіктігі 1,2-1,5 м қардан төбешіктер жасалады. Төбешіктің жоғарғы жағы -тегіс алаңқай (1,2-1,2м ) . Балалардың сырғанайтын жері жайпақ, төменгі жағы кең болуы керек. Алаңқай мен сырғанақтың шеттерінде басқа жаққа сырғып кетпес үшін қардан жасаған өңірлері болуы керек.
Аяқпен сырғанау үшін басылған қарға мұздан жасалған ұзындығы 1 метр ені 40 см жолдар жасалады . Осындай 2-3 жол жасалса жетіп жатыр.
Тепе -теңдікті сақтау, секіру жаттығуларына арнап қарданбиіктігі 15-20см ені 40 см төбешіктер жасалады.Қар атуға арналған әртүрлі межелер жасалуы керек.
6. Алаңдарда құстарды бақылау үшін құстарға тамақ беретін астаулар ілінулері қажет.