АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Страница заведующей

Шеберлік сағаты «Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы

кәсіби шеберлікті арттыру»

 

Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай

мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә. Назарбаев

Мақсаты мен міндеті: Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлікті арттыру, іс-тәжірибе алмасу;

- Қатысушылардың кәсіби шеберліктерімен ой бөлісу.

- Қатысушылардың қызығушылықтарын арттыру

Күтілетін нәтижелер: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдана алады.

Шеберлік сағаттың  жүргізілуі:

Ұйымдастыру, ширату жаттығуы, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, кері байланыс, рефлексия жасау.

 

     Бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді.

      «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану педагогтың өз тәжірибесін жаңғыртуға емес, баланың пайдасына, қажеттілігіне арналуы қажет, сонда ғана сапалы нәтиже болады. Қазіргі кезеңде білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларды жетік меңгерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл педагог болуын қажет етеді.

   Ширату жаттығуы «Сағат тілі бойынша достар». Сағат тілі арқылы педагогтар бір-бірімен танысады

Топтарға тосын сый арқылы бөліну.

     Тәрбиешінің алға қойған мақсаты – балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу қызметін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығушылығын, білімге деген құштарлығын танытуға бағыттайды.

Миға шабуыл: «Тиімді әдіс-тәсілдер», «Өмір бойы білім алу» деген сауал төңірегінде ой бөліседі.

    Әр ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылған әдіс- тәсілдер балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға, ойнай отырып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Жаңашыл тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын тудыратын әдіс-тәсілдерді саралап, топтағы әр баланың деңгейін ескеріп, өзіндік пікір, идеялар, өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін тапсырмалады дайындап алу қажет.

«Тізбелі моншақтар» әдісі. (Суджок, асық, жаңғақ беріледі, не үшін қолдануға болады) өлең жолдарын жалғастыру

Добым, добым домалақ,

Кеттің қайда домалап.

Іздеп едім таппадым,

Есігіңді ашпадың.

       «Ой қозғау» әдісі — бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір кедергіні әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. «Миға шабуыл» стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса, баланың шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Топ құрамын да, қандай да бір кедергінің шешімін табады, бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.

      Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.

«Ойлан, талқыла, бөліс» әдісі . «Заманауи  педагог қандай болу керек».

Екі топ қағаз бетіне заманауи педагог қандай болу керектігін жазып, дәлелдейді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің уақытында біліктілігін арттыру курсынан өткізу. Осының нәтижесінде педагогтер:  

- мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыру және өзінің педагогикалық қызметін жаңа талаптарға сәйкес іске асыру саласындағы құзыреттілігін қалыптастырады;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында балалардың сапалы даярлығын қамтамасыз ете алады;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдаудағы педагогтің рөлі туралы түсінігін, оқыту мен тәрбиелеу әдістері туралы білімін жетілдіреді;

- қазіргі заманғы білім беру үдерісінде 4К моделін: креативтілікті, сын тұрғысынан ойлауды, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білуді дамытудың теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастырады;

- балаларға арналған заттық-дамытушы ортаны, ойындар мен нәтижелі қызмет түрлерін, балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас және өзара әрекеттестікті   ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгереді.

   Осылайша педагог, әр әдісті қарастырып, олардың кез-келгенінің белгілі бір мүмкіндіктері, өзіндік әсер ету аймағы бар екенін біле алады. Тәрбиеші балалардың жасына сәйкес келетін бағдарламадан бастап, іс-әрекетті балалар оңай сіңіретін түрде жүзеге асырады. Балалардың жас ерекшелігі кішкентай болғандықтан оқытудың ойын түрі қолданыланып, баланың даму аймағын дұрыс қолданады.

     Жалпы қорыта айтқанда, әр педагог ұйымдастырылған оқу қызметінде алынған әдіс-тәсілдерді тиімді қолданысқа енгізсе, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, балалар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатынды. Яғни, бала өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сонда  ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Рефлексия

«Бәрі менің қолымда»

- Мен не білдім, не үйрендім?

- Шебер сынып қаншалықты қызықты болды?

- Ең маңыздысы

- Менің ұсынысым

-Болашақта...

 

Ұсыным:

-Педагогтардың жаңа технологияны, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби құзіреттіліктері қалыптастыру

 

 

 

 

 

 


Текст