АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос орын

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының   логопеді

Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.

Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.

Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.

Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенциясын", Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дефектолог" мамандығы, "Логопед" мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе "Дефектология", "Логопедия" мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары, орта педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: "Дефектология", мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе "Дефектология", мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуді, озат тәжірибені білу, оны тәжірибеде пайдалану, тәрбиеленушілердің жалпы тұлғалық мәдениетін қалыптастыруда мониторинг және талдау жасаудың дағдыларын, олардың әлеуметтілігін білу, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дефектология" мамандығы "Логопедия" мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім несесе "Дефектология" мамандығы "Логопедия" мамандануы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.

 


Текст