Ұйымдар тізімі
Тарихи музейге саяхат — бұл өткенмен жүздесу, ата-бабаларымыздың өмір салты мен мәдениетін тереңірек түсінудің бір жолы. Осындай саяхат тек білім ғана емес, рухани байлық сыйлайды. Мектепалды топпен музейге кірген сәтте-ақ, ежелгі заманнан сыр шертетін жәдігерлер қарсы алды. Алғашқы залда тас дәуірінен қалған құрал-саймандар мен ыдыстар қойылыпты. Келесі залда түркі дәуірінің батырларына арналған бұрыш болды. Ол жерде ежелгі сауыт-саймандар, қару-жарақтар мен батырлардың мүсіндері орналасқан. Экскурсоводтың әңгімесін тыңдай отырып, біздің бабаларымыздың қандай ержүрек болғанын білдік.Музейден шыға берісте біз арнайы естелік бұрышынан шағын кітапшалар мен кәдесыйлар сатып алдық. Бұл сапар өте әсерлі әрі танымды болды. Тарихты кітаптан оқып қана қоймай, көзбен көріп, жүрекпен сезіну – үлкен тәжірибе.
