Шағын дәріс « Агрессия деген не?»:
Агрессия ( латынның «agressio»- тиісу, ұстама деген сөзінен)- қоғамдағы адамдардың өмір сүру норамасы мен ережелеріне қарама – қарсы бағытталған, обьектіге қатерін тигізіп тиісу ( жанды және жансыз нәрселерге), адамдарға дене зорлығын төндіруші ( жағымсыз күйзеліс, іштей қысым, қорқыныш, басқындық т.б ) мотивацияланған мінез- құлық.
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар, қорқытып- үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады.
Агрессия барлық жастағы адамдарға тән. Ал кейде ерте кезеңнен басталады. Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.
Бүгінгі кино, бейнетаспалардағы қатігездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессиялық деңгейін арттыруға себеп болатындығы қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді. Жалпы жас өспірімдердің мінез құлықтарындағы ауытқушылықтар туралы, отандық ғалым А.Т. Ақажанованың «Девиантология» атты кітабында айқын да түсінікті жазылған.
Егер қандай да бір агрессиялық қылық көрсеткені үшін ата –ана баланы қатан жазаласа, ол өз ыза –ашуын ата –ана алдында көрсетпей ішінде сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессиялық қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де қылық көрсетеді.
Сондықтан агрессиялық балалрдың мінез – құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс жасалуы қажет:
«Ашу – ызаменжұмыс» жаттығуы
Топ 3-4 топшаға бөлінеді, әрқайсысына ашу- ызаны білдіретін мәнерді көрсету тізімдері беріледі:
Топшалар талдаудың қорытысында тізімнің ішінен, балаларға қолдануға болады-ау деген амалдарын таңдап алады. Бұл жерде (әсіресе егер топ аралас болса) әдістер қатысушылардың контингенттеріне байланысты: ДОУ тәрбиешілірі бала бақшаларда қолдануға болатын,мектеп мұғалімдері оқушылармен жұмыста тиімдіректерін белгілейді, ал ата-аналар үйде өз балаларымен өзара әсер беруге жарайтын амалдарды талдайды, ал психологтар – коррекциялық сабақтарды өткізуге керекті және т.б.
Содаң соң әрбір топша өздерінің тізімдерін оқиды,ал қалғандары, өздерінің практикаларында күнделікті қолданып жүрген сәтті амалдары және тәсілдерін айта отырып толықтырады.
«Әлемге агрессиялық баланың көзімен қарау»
Агрессиялық балалар,өздері араласып жүрген балалар оған ешқандай агрессиялық әрекет жасағысы келмесе де, оларға өшпенділікпен қарауға бейім. Мұндай жекелік сипат өшпенділіктің алдын алу телімі (атрубициясы) деген ат алды.
Жаттығу шеңбер бойынша немесе 6-7 адамнан топшаларға бөлінеді.
Мазмұны қатысушылардың бірі кез келген (агрессиялы емес) қимыл (тұрады, аяғын бір аяғын үстіне салады, шеңбердің ортасына шығады, күлімдейді, көзін қысады т.б. ). Қасындағы отырған адам оның бұл қылығын агрессиялық баланың көзқарасы бойынша коментарий жасайды, қалған қатысушылар өздерінің нұсқаларын айтады.
Мысалы: «Сен менің орындығымды аяғымен итергін келді сол үшін тұрдың, сен күлімдедін, себебі мен тұралы саған жаман сөз айтқанғой....» т.б.
Жаттығуды өткізіп болғаннан соң, қатысушылар өз ойларын айтады: не сезінді, агрессиялық адамның немесе «кінәсіз құрбанның» рөлі жақын ба? Олар сондай жағдайда болған кездері болды ма, адам кінәсіз болса да, ол адам туралы жаман ойлап, басқаларға өшпенділікпен қараған сәттер кездесті ме?
«Балалар сурет салады» жаттығуы
Өз агрессияларын, жағымсыз эмоцияларын көз алдарына елестетеді, соны қағазға суретін салады. Содан соң оны рахаттанып тұрып ұмаждайды, аяғының астына салып таптайды.
«Тиімді өзара әсер» жаттығуы
Вербалды нұсқа:
1кезең - Агрессиялық балалар өздерінің сезімдерін көрсету әдісін білмей, кейде агрессия түрінде көрсетеді. Ересектердің міндеті – оларды сондай қиын жағдайлардан қалай шығуды үйрету. Осы мақсатта топта шеңбер бойынша осындай жиі кездесетін дау- дамай жағдайларды талдау.
Мысалы: егер балаға, басқа бала ойнап отырған ойыншық керек болған жағдайда қалай әрекет жасау керек. Бұл жағдайды, жұп болып немесе шеңберде рөлдік ойынмен ойнауға болады. Мұндай ойындар балаға мінез – құлық репертуарын кеңейтуге көмектеседі.
Мазмұны: Топ жұпқа бөлініп ойнайды. Жұптағы қатысушылардың бірі қолына өзіне өте маңызды затты( кітапты, сағат, жазулары бар дәптері т.б.)ұстап отырады. Ал екінші қатысушының мақсаты сол затты қандай да болса тәсілмен жалынып көндіріп сұрап алу. Бірінші қатысушы ол затты қашан бергісі келеді,өзі біледі.
Содан соң қатысушылар рөлдерімен алмасады.
« Өзін –өзі қалыптастыруды дамытуға жатығу»
Тренингтің барлық қатысушылары щеңбер құрып отырады да көздерін жұмады. Тренер жанға жайлы дауыспен нұсқауды оқиды.
Жұмысқа бар ынтаңызбен барған күніңізді есіңізге түсіріңіз.... Барғыңыз келмей еріксіз барған күніңізді есіңізге түсіріңіз...... Жинақты болған жағдайыңызды атаңыз.... Толқып және ұқыпсыз жүрген жағдайда атаңыз....
Орындыққа түп түзу отырыңыз да, арқаңызды тіпті де түзетіңіз. Алақаныңызды жоғары қаратып, үстелге немесе тізеңізге қойыңыз. Енді ойша өзіңіздің кеудеңіздің ортасына қараңыз. Терең дем алыңыз да, дем алу мен дем шығарудың арасына пауза қоймай дем алыңыз. Демді ішке алу дем шығарудан тезірек болсын.... демді шығарған уақытта, сол шыққан дем біздің бөлменің есігіне дейін ұшып жетеді деп ойлаңыз. Дем шығарғанда қатты қысым жасамаңыз, ауа қайтадан сіздің денеңізге енсің....
Өз деміңізге қандай да бір түс бергіңіз келсе, беріңіз. Мысалы: сұр ауаны денеңізден шығарсаңыз, яғни, сіз өзіңіздің мазасыздығыңызды , қорқынышыңызды , ішкі қысымыңызы көз алдыңызға елестетіңіз. Ал ішке алатын ауаның түсін, мысалы, көгілір күйде елестетіңіз. Яғни, сіз сабырлылықты, сенімділікті және жеңілдікпен дем алып отырмын деп елестетіңіз.
Жаттығу өзін- өзі қалыптастыруды дамытуға себебін тигізеді.
Талдау: Қатысушылар өздерінің ойларымен бөліседі, жаттығудың басында және аяғында қандай күйлерде болды және осы ойынның балалармен қалай жүргізу керектігін талдау жасайды.
Практикалық блок «агрессиялық балалардың ата-аналарымен қалай жұмыс жасау керек»
Агрессиялық балалардың ата- аналары да агрессиялы болуы жиі кездеседі,олар өздері оны сезінбей бой бермейді,сондықтан да олармен тіл табысу өте күрделі.
Мұндай жағдайда көрнекті құралды ақпараттарды жиі қолдана отырып,қолданылатын шараларды жеке-жеке емес,ата-аналар тобымен біріге отырып жұмыс жасаған жөн.Мысалы,ата-аналар жиналысында,нақты бір баланың ғана мінез-құлқы емес,жалпы мынадай тақырыптарда әңгіме жүргізу өте тиімді: «Агрессия дегеніміз не», «Агрессиялық балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек», «Агрессиялық балаға көмек беру мүмкін бе».Агрессиялық балалардың ата-аналарымен жұмыс жасауды,Р.Кэмпбелланың «Баланың ашу-ызасын қалай азайтуға болады » деген кітабынан табуға болады. Сонымен қатар,ата-анамен баланың арақатынастарын жақсартатын ойындармен ойнауға кеңес беруге болады. Сондай ойындардың бірі – «Қатысушының өзі жасайтын суреттерді» .
« Жұпты суреттер»
Мақсаты: көру модальдығында зейін, есті дамытуға, логикалық ойлау, коммуникативті дағдыларға бағытталған.
Суреттер жиынтығының жұпты саны ( 2,4,6.....) араластырылады да,балалардың алдына тегіс қатармен жайылып қойылады.Ойыншыларкезекпен кез келген суретті ашып, суреттердің аттарын дауыстап атай, қалған қатысушыларға көрсетеді ( мысалы, саңырауқұлақ - алма).
Егер бала екі бірдей суретті алса, онда ол сол суреттерді өзіне қалдырады да, қосымша тағы да алуға құқыққа ие болады. Егер суреттер әртүрлі болса, онда оларды сол орындарына қайта қояды. Әрбір ойыншының міндеті – олардың орналасқан орындарын естерінде ұстап, кезегі келгенде екі жұп суреттерді тауып алу. Жұп суреттерді көп тауып алған ойыншы жеңіп шығады.
«Жаңа ертегі»
Мақсаты: коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын дәл тұжырымдауға, әртүрлі әдебиет жанрларымен танысуға, ойдың креативтілігі және дивергентігін дамытуға бағытталған.
Суреттер( кез келген сан мөлшері) столдың үстінде суреттерін төмен қарата жайылып қойылады. Бірінші бала бір суретті алады да, бірден, яғни, алдын ала дайындықсыз, басты кейіпкер- суретте көрсетілген заттың көмегімен әңгіме, ертегі, детективті оқиға ( жанр алдын ала таңдалынып алынады, түсіндіріледі) ойлап тауып, даыстап айтып береді. Содан кейінгі ойыншылар сюжетті, суреттердегі көрсетілген заттарды қатыстыра отырып жалғастырады.
«Кері байланыс»
Агрессиялық балаларға арналған ойын
«Эмоциялық сөздік»
Мақсаты: Баланың эмоциялық саласын дамыту
Мазмұны: балалардың алдына әртүрлі эмоциялы жағдайлары көрсетілген карточкалар жиынтығын қойылады.
Балаға төмендеге сұраққа жауап беру ұсынылады: «Карточкаларда қандай эмоциялық жағдайлар келтірілген?» Содан кейін баладан өзінің осындай жағдайларда қашан болғандығын есіне түсіруі сұралады. Ол өзін осындай күйде қалай сезінді. Сол күйге тағы да түскісі келеді ме?
Беттің осы күйі адамның басқа жағдайын білдіреді ме? Осы карточкалардағы жағдайлардың тағы қайсыларында сен бола аласың? Кел соның суретін салайық. Балалардың өмірден келтірген мысалдарының барлығын да ересек адам жазып отырады. 2-3 аптадан соң осы жаттығуларды қайталауға болады, осы тұста балалардың ертеректе болған жағдайлары мен жаңадан пайда болған күйлерін салыстыруға болады. Мына сұрақтарды қоюға болады: «2-3 апта өткенше қандай жағдайлар көбірек болды: жағымды ма әлде жағымсыз ба? Ал сен, жағымды, жақсы жығдайлар көбірек болуы үшін не жасар едің? »
«Мысық»
Мақсаты: өз қатарластарымен өзара тіл табысуға, бұлшық еттердің қысылымын төмендетуге, балалар ұжымының тығыз байланыстығына себін тигізеді.
Мазмұны: барлық балалар бөлмеде, реті келсе тез музыкамен қозғалады. Екі бала бір – бірінің қолдарынан ұстай, балаларды қуып ұстап алуға тырысады. Олар осы күйде: «Мен- жабысқақ – тиіскішпін, мен сені ұстап аламын». Әр ұсталған баланы «жабысқақ» қолынан ұстап, өз компаниясына қосып алады.
Барлық бала «жабысқақтар» болғаннан соң, қолдарынан ұстаған түрде, жайлап ойналған музыкамен шеңбер бойында билейді.
Музыка қою мүмкін болмаған жағдайда, жүргізуші шапалақ ұру темпі арқылы топқа көмектеседі. Бұл жағдайда шапалақтың темпі алғашында тез-тез, ойынның өту барысында ақырындай бастайды.
«Кішкентай елес»
Мақсаты: агрессиялық баладағы жинақталып қалған ашуды қолайлы түрде шығаруды үйрену.
Мазмұны: « Балалар! Қазір біз сіздермен бірге кішкентай ғана мейірімді елестің рөлінде ойнаймыз. Біздің кішкене бұзықтық жасап бір – бірімізді қорқытқымыз келіп тұр. Менің шапалағымды ести салысымен, сендер қолдарыңды былай жасап ( жүргізуші шынтағын жоғары көтеріп, саусақтарын аюдікіндей етіп балаларға көрсетеді) қозғаласындар және «У» әрпін дауыстап айтасыңдар. Егер менің шапалағым ақырын естілсе, сендер ақырын ғана «У» әрпін дыбыстайсыздар, ал шапалақ қатты естілсе онда сендер қатты қорқытасыңдар, түсінікті ғой!». Содаң соң жүргізуші шапалақ соғады. « Өте тамаша! Әзілдестік, жеткілікті. Келіңдер, қайтадан балалар болайық! »
Агрессиялық баланы анықтаудың критерийі
Графадағы көрсетілген сөйлемдердің жанындағы «жиі» және « сирек» деген сөздердің тұсына кез келген белгіні, баланың жағдайына байланысты қойыңыз.
№ р/с |
Баланың аты - жөні |
Жиі |
Сирек |
|
|||
1 |
Ересектермен айтысады, ұрысады |
|
|
2 |
Өз өзін бақылай алмайды |
|
|
3 |
Өзінің қателеріне басқаларды кінәлайды |
|
|
4 |
Көре алмаушылығы мен кекшілдігі бар |
|
|
5 |
Бір нәрсені жасауда өкпелейді және бас тартады |
|
|
6 |
Әдейі адамдардың жүйкесіне тиеді |
|
|
7 |
Ережелерді орындаудан бас тартады |
|
|
8 |
Сезімтал, айналасындағылардың ( ересектер мен балалардың) олардың жүйкесіне тиетін әрекеттерге тез көңіл бөлгіш |
|
|
«Иә»жауабының санын есептеңіз.
Егер 6 айдан артығырақ уақытта 4-8 критерийлер жиі кездесетін болса, онда бала агрессиялы болуы мүмкін.
«Агрессия белгілері» анкетасы
Әрбір тұжырымға «иә» немесе « жоқ » деп жауап беріңіз.
№ р/с |
Зерттелуші баланың аты - жөні |
Иә |
Жоқ |
|
|||
1 |
Кей кездерде онда ашулы рух пайда болады |
|
|
2 |
Бірдеңеге кейіп жұргенде ол үндемей қоймайды |
|
|
3 |
Біреу оған зияндық жасаса ол міндетті турде өш алуға тырысады |
|
|
4 |
Кейде ол себепсізден себепсіз ұрысқысы келіп тұрады |
|
|
5 |
Ойыншықтарды рахаттанып тұрып сындыратын кездері де болады |
|
|
6 |
Кейде ол талап койып турып алганда, айналасындагылардың шыдамдары таусылатытын кездері де болады |
|
|
7 |
Онын жануарларды мазақтағысы келетін кездері де болады |
|
|
8 |
Егер ол біреудің онымен әзілдегенін сезсе бірден ренжи бастайды |
|
|
9 |
Кейде айналасындағыларды таң қалдыратын, жаман іс жасағысы келетін кездері болып қалады |
|
|
10 |
Берілген әдеттегі тапсырмаларды керісінше орындайды |
|
|
11 |
Жас шамасына қарамай бұрқылдағыш |
|
|
12 |
Өзін сенімді өз бетінше шешім қабылдағыш деп сезінеді |
|
|
13 |
Бірінші болып, басқаларға бұйрық беріп, оларды өзіне бағындырғысы келеді |
|
|
14 |
Жолы болмаса оның берекесі кетіп, кінәлі адамдарды іздей бастайды |
|
|
15 |
Тез ұрысқыш, төбелескіш |
|
|
16 |
Кіші және әлжуаз балалармен қарым- қатынас жасағанды ұнатады |
|
|
17 |
Түнеріп, жүйкесі тозып жүретін кездері жиі кездеседі |
|
|
18 |
Өз жас мөлеріндегі балалармен санаспайды, олармен бөліспейді, оларға жол бермейді |
|
|
19 |
Кез келген тапсырманы басқалардан да жақсы жасаймын деген сенімде |
|
|
Әрбір тұжырымға берілген жағымды жауап 1 баллмен бағаланады.
Зерттеліп отырған балаға, сіздің ойыңызша қанша тұжырым сәйкес келеді.
Жоғары агрессивтілік – 15-20 балл
Орташа – 7-14 балл
Төмен – 1-6 балл