Текст
Нейрожаттығудың пайдасы
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қазғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру,түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады.Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып,баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.