АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық сабақ. Тақырыбы: «Қыс қызығы» №16 «Ботақан» логопед ересектер тобы

30.01.2019

Оқу қызметін ұйымдастырудың техналогиялық картасы

№16 «Ботақан» ересек тобы

Күні, айы, жылы:  07.12.2018ж

Білім беру саласы: «Коммуникация», «шығармашылық»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту».

Тақырыбы: «Қыс  қызығы»

Мақсаты: Білімділік: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғат тамашаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту және тілін дамыту.

Тәрбиелік: Тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, ұлпа қарлардың бейнесін жасауға баулу. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер, слайд.

Әдіс-тәсілдері:  көрнекілік, дидактикалық ойын, мнемокесте, сұрақ-жауап,

 М Монтессори технологиясының элементтері

Сөздік  жұмыс: аязды,сықырлайды,боран,тайғақ,жылтыр

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

                                                                Мотивациялық -

                                                                қозғаушылық

Тыныс алу жаттығуы.

Шаттық шеңбері

Армысың көк аспан!

Армысың  Жер- Ана!

Армысыңдар достарым!

Сендерді көрсем  қуанамын!

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

 

Тәрбиеші:

Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Кәне атап өтейік.

Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.

Жұмбақ:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс, қыс мезгілі.

 

 

Балалар  тыныс алу жаттығуларын жасайды.

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 Көңіл күйлері көтеріледі.

 

 

 

 

Бір жылда төрт  жыл мезгілі бар.

Жаз, күз ,қыс, көктем мезгілі.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды,

жұмбақтың жауабын шешеді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар?

Балалар экранға назар аударайық. Қыс мезгілі келгенде, қар жауып, боран соғып, күн аяз болады екен. Бірақ қыстың да өз қызығы болады.

-Қыстың қандай қызықты ойындары бар?

-Қыста  қандай қызық мейрам бар?

-Қане кім қыс туралы тақпақ біледі?

Дидактикалық ойын:

«Жақсы  жаман»

Шарты: қардың жақсы және жаман қасиеттерін айту.

Қар –ақ, әдемі, қардан аққала жасайды, қарды лақтырып ойнайды.

Қар-тез еріп кетеді, қолды тоңдырады, аузыңа салсаң тамағыңды ауыртады.

Сергіту сәті:

Су-джок шарлармен

Ыс-ыс-ыс- келіп қалды қыс.

Ла-ла –ла-балалар соқты аққала,

Яз –яз-яз-далада қатты аяз.

Ар-ар-ар –жерде жатыр қар.

 

Мнема кесте арқылы біз қыс мезгіліне тақпақ жаттайық.

     Тақпақ

Қар  жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала

Мұрны сәбіз үп-үшкір

Көзі көмір қап-қара

Көне шелек басында Сыпырғышы қолында.

 

- Ал енді балалар ары қарай сабағымызды шығармашылық жұмыспен жалғастырып ұлпа қарларын жасаймыз.

1-топша аққала

2-топша ұлпа қарлар

1-топша  ас тұзымен  2-топша ұнтақ жармасымен жұмыс жасаймыз.

-қыс мезгілі

-қыс мезгілінде үш ай бар

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан

 

 

 

 

-  шана, коньки мен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

 Аяз ата келеді, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

 

 

Балалар дидактикалық ойынды ойнап қардың жақсы жаман қасиетін айтып береді.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін барлық балалар тақпақ арқылы қимыл-қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

Мнема кесте арқылы тақтадағы суреттермен тақпақты жаттап айтады.

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмысты барлығы бірігіп орындайды.

Рефлексиялық -      түзетушілік

 Ал енді ұйымдастырылған оқу қызметін тірек сызбасы арқылы қорытындылайық.

Балаларды мақтау, мадақтау.

- Жарайсыңдар балалар,осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет!

Сурет арқылы сабақты қорытындылау.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:  жаңа инновациялық технология бойынша сөйлем құрастырады.

Түсінеді:  жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейтеді.

Қолданады:  әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тәрбиеші:  Хұндызбай Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау қаласының әкімдігінің жанындағы №1 «Арман» балабақшасы  мемелекеттік комуналды қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық сабақ

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

№16 «Ботақан» логопед  ересектер тобы

 

 

 

 

                                            

                                                                                  Тәрбиеші:  Хұндызбай Г.

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау 2018ж

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 1226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст