АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі.

13.02.2019

«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыру керек» — деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.

Ал білімді бала қайдан алады?  Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуі тиіс. Ойынның өз мақсаты жоспары арнайы заттары т.б. көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы білім алады. Ойын адамның өнертанымының алғашқы қадамы.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытып өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, еңбегімен қарым-қатынасымен танысады. Ойын арқылы ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана жауап беруге, қиялдауға, елестеуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындарды балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.

Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді. Ұйымдастырушы да балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды. Заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін қиялын дамытады. 

 

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст