АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшада сурет салу. № 1 "Арман" балабақшасының тәрбиешісі Бабажанова Гулбагила Муратовна

14.02.2019

Кез келген жастары балаларды сурет салуға үйретудің басты принципіне көрнекілік жатады: бала өзі бейнелемек затты, құбылысты білуге, көруге, сезінуге тиіс. Балалардың заттар мен құбылыстар туралы анық та айқын түсініктері болуы қажет. Сурет сабағында пайдаланылатын көрнекі құралдар көп, олардың барлығы да сөзбен түсіндіріледі. Балабақшадағы жас тобына қарай сурет салуға үйретудің тәсілдерін қарастырып керейік.
Бірінші кішкентайлар тобы. Бәрінен бұрын, көрнекіліктің негізін тәрбиешінің сурет сабағы үстіндегі әрекеті атқаратын болады. Сәби сол тәрбиешінің сурет салу кезіндегі әрекетіне еліктей бастайды.
Еліктеу мектеп жасына дейінгі кезеңде белсенді үйретудің міндетін атқарады. Суреттің қалайша пайда болуын бақылап тұрғанда сәбидің бойында форманың, түр-түстің жазықтықтағы кескінделуінің әр түрлі ерекшеліктерін көре білу қабілеті қоса дамиды. Бірақ, өздігінше дербес ойлаудың, бейнелеудің, үйренген дағдыларды еркінше қолдана білудің дамуы үшін тек еліктеудің бір өзі әлі жеткіліксіз. Сондықтан да балаларды сурет салуға үйретудің тәсілдері бірте-бірте күрделене түседі.
В.Н.Лванесованың еңбектері бойынша сурет салу процесіне балаларды тәрбиеші біртіндеп тарту ұсынылады. Мәселен, сәби тәрбиеші бастаған суреттерді аяқтайтын болады. Мысалы, ол шардың жібін, гүлдің сабағын, жалаушалардың сабын және тағы жалғастырады. Бұл тәсілдің пайдалы жағы мынада. Сәби бейнелейтін затты бірден тануға, салынған суретті немесе соған жетпейтін бөліктерді талдауға, сызықтар жүргізуге (әр түрлі сипаттағы), жаттығуға, ең соңында, өзі тындырған еңбектің нәтижесіне көңілі толып эмоциялы қанагат сезімін алуға үйренеді.
Тәрбиеші сурет салу тәсілдерін қолмен көрсетуі де немесе сөзбен ауызша түсіндіруі де мүмкін. Мұндай кезде, балалар берілген тапсырманы тірек суретінсіз-ақ өздері орындайтын болады. Бұл арада, педагогтың суретті салу процесі үстіндегі қимылы мен түсіндірме сөздері өзара жақсы үйлесім тауып жатуы өте маңызды.

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст