АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымда қазақ этнопедагогикасын қолданудың мәні

20.02.2019

Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған этнопедагогиканы, яғни халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, қоғамның да басты борышы.

Ата-баба дәстүрі – ұрпақтарға өнеге

Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда, оны жан-жақты дамытып тәрбиелеуде үлгі-өнеге болатын ұлы ғұламалар мен хандар, билер, батырлар, классик ақын-жазушылар, ағартушылар, өнер адамдары өмірімен олардың жасаған туындыларын таныстырып, ерлік істерін үлгі ету, мақтаныш сезімдерін ояту

Мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық тәрбие берудің жай-күйін талдау зерттеліп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап берді. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін балабақшадан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын балалардың бойына сіңіру мәселесінің педагогика ғылымында қажеттілігі артып отырғандығын дәлелдеді.

Қазақ халқының ұлы ойшылдарының, көрнекті ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің құнды ой-пікірлерін зерделеу және тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді оқып-үйрену ұлттық тәрбиенің мәнін айқындап, оның негізі халықтық педагогика екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып, ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі анықталды.

 

Просмотров: 789


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст