Серуен балабақшада көктем. Балаларды балабақша алаңында өсетін жидектермен таныстыру, олар жайлы білімдерін жетілдіру.
Ағаштарға бақылау жасау
Мақал-мәтел
Бір ағаш кессең,жүз ағаш отырғыз. Болжам Аққайың ағашы жөке ағашынан бұрын бүр жарса, жаз құрғақ болады. Көктемде аққайыңның шырыны көп болса,жаз жаңбырлы болады.
Тақпақ
Отырғыз ағаш көктемде
Жөн болар еңбек еткенің
Келмесе шамаң еккенге
Сындырма жұрттың еккенін
Қимылды ойын«Ағаштан ағашқа» Алға жылжу арқылы қос аяқтап секіре білуді бекіту.(кімде-кім аз секірсе сол,жеңімпаз)ойын барысында ойынды әділ бағалауға үйрету. Ойын барысында жолдастарымен ақылдаса білуді дамыу Еңбек іс-әрекеті Бұтақты кесуден кейінгі қалдықты жинау .Еңбек нәтижесін көру, топқа бірнеше бұтақты жинап әкеп,келесі бақылауды ұйымдастыру. «Біздің үй қайсы,тап?»Сипаттау бойынша ағашты таба білуге үйрету.Өзіндік іс-әрекет Ойын барысында жұбымен бірге бірлесіп,ойын нәтижесін бөлісе білуге үйрету.
Наурыз
Серуен 1
Маусымдық өзгерістерді бақылау
Мақсаты:
Бақылау барысы
Тәрбиеші:
Балалар, мені тыңдаңдар, қазір мен сендерге өлең оқимын, сендер жасырынған сөздерді табыңдар.
Жауған қарымен,
... құнар береді. (қыс)
Үлкендер қарбалас,
... дән себеді. (көктемде)
Бақ пенен бақшаны,
... баптап өсіреді. (жазда)
Дихандар жемісін,
... жинап береді. (күзде)
Тәрбиеші сұрақтары:
Зерттеу жұмысы: Балабақша ауласынан күннің жылуымен еріген қар суын (қар айналасындағы ылғалды жер) табу, оның неге ерігенін әңгімелеу. (көктемде күн шуағы молаяды, күн көзі көп түскен жердегі қар жібиді де, ылғал пайда болады)
Еңбек
Гүл егетін жерді тазалау.
Мақсаты: Еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?».
Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойыны:
Орнында тұрып биіктікке секіру.
Мақсаты: секіре білу дағдыларын дамыту, жылдамдықтары мен күштерін есептей білу.
Наурыз
Серуен № 2
Қайың ағашын бақылау
Мақсаты: қайың ағашы туралы, ағаштардың көктемгі өзгерістері туралы білімдерін молайту.
Бақылау барысы
Көркем сөз «Жас шыбық» А. Меңдібай
Көшетін әкеп қайыңның,
Отырғыздым аулаға.
Жіп-жіңішке жас шыбық,
Өспейді деп ойлама.
Жас шыбық өсіп толады,
Әсем қайың болады,
Суғарып, күтіп, баптасам.
Қайың көп ағаштардың ішіндегі сұлу ағаштардың бірі. Оның аппақ діңі жұқа қабықпен қапталған. Қайың қыс шыққан бойда бүр жарып шыға келеді. Халық әндері мен ертегілеріне қайыңды жиі қосқан. Оны сүйіспеншілікпен «ақ қайың» деп атаған. Ерте кезде жолаушы жүретін үлкен жолдардың бойына қайың еккен. Қайыңның жұмсақ қабығынан жеңіл шабата (аяқ киім), жолаушы жүргенде киімдері мен тамағын салатын себеттер тоқыған.
Тәрбиеші сұрақтары:
Зерттеу жұмысы
Қайың ағашы мен басқа ағаштарды салыстыру: оларды қандай айырмашылықтары арқылы ажыратуға болады?
Еңбек
Ауланы өткен күзден қалған қоқыстан тазалауға көмектесу
Мақсаты:өз еріктерімен топқа бөлінуге, өз еріктерімен еңбек етуге баулу.
Қимылды ойын: «Орамал тастамақ»
Мақсаты:
_- ойын шартын түсініп ойнауға, аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.
Жаттығу ойыны Затты нысанаға лақтыру.
Мақсаты: қол күштерін, көз мөлшерін дамыту.
Суретте: №14 "Көбелек" мектеп алды даярлық тобы, №13 "Қошақан" ересек тобы