АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясыңда ата-аналар арасыңда «Отбасы дәстүрі» фестивалі.

14.12.2017

     Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағ­да­йында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңі­руді, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. Қазақстан Президенті Н.На­зарбаев: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. …Жаңғыру атаулы бұрын­ғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс­түрлерге шекеден қарамауға тиіс. Кері­сінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жа­рас­тыра алатын құдыреті­мен маңызды. …Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік  діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, бола­шаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деп жазды.

      Рухани жаңғыру бағдарламасы аясыңда ата-аналар арасыңда   біздің №1 «Арман» бала бақшасында  «Отбасы дәстүрі» атты фестиваль аталып өтті. Ата - ана, бала, педагогтар  ұжымын ынтымақтастыруды арттыра отырып, ұлттық тәрбиені жүзеге асыру барысында  отбасылар арасында топтық сайыс фестивалі алты кезеңнен тұрды.

1. «Сұрасаң, менің тегім». Таныстыру.

2. «Менің отбасымның дәстүрі және тағамы» (әр отбасы өз дәстүрі туралы таныстырып шығады және тағамдарын дайындап әкеледі).

3. «Өз өнері» (өз өнерлерін көрсетеді).

4. «Қызықты жағдаяатты шешу» (қағазда жазылған сөздерді таңдап алып жағдаяаттарды шешу керек).

5. «Қолөнер» (әр отбасыға құралдар беріледі, солар арқылы шеберліктерін көрсетуі тиіс).

6 . «Ұлттық ойын».

Осы фестивалдің мақсаты отбасы құндылықтарды және дәстүрлі мәдениетті насихаттау, бала бақша мен отбасының арасындағы қарым қатынастарын кеңейту, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсете білді.Әр отбасы осы фестивалға аса жауапкершлікпен дайындалып келгендері бірінші кезеңнен ақ байқалды. № 9 топ атынан шыққан  Қайрат Диана бүлдіршініміз әпкесімен бірге М.Мақатаевтің  «Үш бақытым» атты өлеңін нақышына келтіріп оқыса, №14 топтың намысын қорғаған ақ жаулықты анамыз Бекмағанбетова Сабина үштілілік-заман талабын  жүзеге асыруды  мақсат етіп, ұлы Төлеген Әділжанмен сайыс кезеңдерінде үш тілде өнер көрсетті. №10 –топ тәрбиеленушісі Рахматулла Нұрмұхаммед  нағыз өз елінің патриоты екенін дәлелдеп, салт-дәстүрлерді мүдірмей көрсете білді. № 11 топтан Кенжеевтар отбасы барлық кезеңдерден мүдірмей өтіп, бас жүлде иегері болды. №15 топтан Кәрімовтар отбасы баланың бауыр­мал,  қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ана­ның тәрбиесінде екендігін дәлелдеп ер азамат  сыйлы болса, содан бала үлгі алады, сол отбасының баласы тәрбиелі, өнегелі болып қалып­тасатынын алға ұстап әр кезеңде де естен шығармады. Алтыншы кезеңде «Ұлттық ойындар»  әр отбасында да көп қолданып айтылып жүргендері  байқалып тұрды. №12 топ тәрбиеленушісі Сабит Әрсен әжесі Күләй Есмағанбетқызымен  салауатты өмір салтын  сүру отбасылық дәстүр ретінде  ұстанады.

     Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақты мектепке дейінгі ұйымнан бастап салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызбен байланыстырсақ,қазақ халқының салт-дәстүрлері ешқашанда жоғалмайды. Ендеше қазағымның салт- дәстүрін ардақтайық! Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәс­түр­лерді дұрыс жеткізе білсек, ұлтжанды азаматты қалыптастырдық деп  нық айтуға болады.

      Әр отбасы жауапкершілікпен дайындалып, әр кезеңдерден өз өнерлерімен, шеберліктерімен, алғырда, тапқыр қырларынан көрініп, жүлделі  орындарға және номинацияларға ие болды.

 

 

Козубаева Анар Екпінқызы

№1 «Арман» бала бақшасының педагог-психологі

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст