Балалардың сөйлеуі мен танымдық
қызығушылықтарын дидактикалық ойындар
арқылы дамыту.
Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Жеке сабақтарда ойын тәсілдерін қолданбай балалардың назарын ұзақ уақыт ұстау мүмкін емес. Баламен ойнау барысында біз оның тілін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар ойлау, зейін қою, есте сақтау қабілеттерін дамытамыз. Балалардың сөйлеуі мен танымдық қызығушылықтарын дидактикалық ойындар арқылы дамыту біртіндеп жүйелі түрде жүргізіледі.
Бұл бірден бірнеше тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді:
-Баланың тіл дамыту барысында белсенділігін арттыру
-Ойын ауқымында дағдылығы мен ептілігін арттыру
-Еңбек сүйгіш қасиетін, білімге деген құштарлығын арттыру
- Зейін қою, есте сақтау қабілеттерін дамыту
-Ойынның ережлеріне бағындыра отырып, балалардың тәртіптерін реттеу.
Өз тәжірбиемде балалардың сөйлеуі мен танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында келесі дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
Мысалы: “Сиқырлы таяқша”, “Пианинода ойнау”, “Буынды дыбыстық жолмен жүргізу”, “Балық аулау”, “Көңілді бақша”, “Қуыршақ”, “Суретші мысық” т.б.
Баланың негізгі қызметі ойын екені бәрімізге белгілі.Ойын- баланың ақыл-ойын тәрбиелейтін құрал. Ойын тілдің дамуына өте зор ықпалын тигізіп, таным белсендігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі., өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелді емес, өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Мұғалім-логопед: Гульмира Аблановна Алгужина