АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дәрілік өсімдіктер

03.02.2017

Ұйымдстырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№9 «Ақбота»ересек тобы

күні,айы,жылы:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер (Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер).

Мақсаты:

Білімділік:Өз жерінде өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру; дәрілік өсімдіктерді емдеуге қолданудың қарапайым тәсілдерімен таныстыру;

Дамытушылық:Өсімдіктер туралы білімдерін әрі қарай дамыту; білім көкжиектерін кеңейту;

Тәрбиелік:Өсімдіктерді қорғауға деген тілектерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: дәрілік өсімдіктерден жиналған гүлшоғы, Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің

Сөздік жұмыс : дәрілік өсімдіктер.


Оқу

іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардыц

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларды

сабаққа ұйымдастыру

Дидактикалық

ойын

«Дәрілік

шөптер не үшін керек?»


Балалардың

пікірі

тыңдалады.

Ұйымдасты-

рушылық-

ізденістік

Балалар,

бұл жай ғана гүлшоғы емес, бұл - сиңырлы

гүлшоғы. Бұл өсімдіктердің сиқырын

адамдар ерте кезден-ақ білген. Оның

ауруды емдейтін қүдіретін байқаған.

Біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер

көп өседі. Бүгін солардың біразымен

танысамыз. Ал сендер ауырып қалған

кезде аналарың қалай емдейді? Қандай

шөптерді пайдаланатынын білесіңдер

Педагог

гүлшогынан дәрілік өсімдіктерді

шетінен шығарып, олардың қандай ауруды

емдейтінін қысқаша түсіндіреді.

Олардың суреттерін көрсетеді.


Балалар

гүлшоғын мұқият қарастырады. Танитын

өсімдіктері болса, атауын айтады. Бұл

өсімдіктер туралы не білетінін айтады.

Тақтаға ілінген фотосуреттен тауып

көрсетеді.

Балалар

өздері білетін өсімдіктердің атын

атайды. Үйлерінде емдеу үшін қандай

шөптерді қолданатынын айтады.


Жолжелкен.

Біздің

жерімізде көп өседі. Ол қан тоқтатады,

микробтарды өлтіреді.

Жалбыз.

Оның

жапырақтарын қайнатып, суық тиген

кезде ішеді. Қалақай.

Оны

ұсақтап, жараға тақса, тез жазылады.

Өгейшөп.

Гүлдерін

қайнатып, суық тигенде ішеді.

Бақбақ.

Оны

ұйқысыздық ауруын емдеуге қолданады.

Түймедағы.

Ол

көп жерде өседі. Жапырағын жараға

жапсырып қойсаң, тез жазылып кетеді.

Оның гүлдерін суық тигенде қайнатып

ішуге болады. Мына гүлшоғын бұдан да

үлкен жинауға болады. Өйткені біздің

жерімізде дәрілік өсімдіктер өте көп

өседі.

Балалардың

әңгімесін педагог қажет жерінде

түзетіп, әңгімелерін толықтырып

отырады.

Тапсырмаларды

орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Мына

бір шағын әңгімені тыңдап көрейік:

«Бір қыз бір күні әжесіне қонаққа

барды. Шалғынмен кетіп бара жатып, ол

түрлі гүлдерді жинап алды. Ол үлкен

гүлшоғын сыйлап, әжесін қуантпақ

болды. Бірақ әжесі гүлшоғын көріп,

қуана қойған жоқ:

-

Табиғаттағы гүлдер қалай болса солай

жинап алу үшін өсіп тұрған жоқ. Гүл

жинағанды жақсы көретін болсаң, алдымен

оны өзің өсіруді үйрен», - деді әжесі.

-

Балалар, әжесі неге немересі сыйлаған

гүлге қуанған жоқ.

Балалар

өз пікірлерін айтады. Табиғатта өсіп

тұрған гүлді қалай болса солай жұлуға

болмайды, оларды күтіп, қорғау керек

деген қорытынды жасау керек.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: білетін өсімдіктерін фотосуреттен тауып көр­сете алуды; өсімдіктерді қорғауды;

түсінеді: дәрілік өсімдіктердің қандай ауру түрлеріне қолданылатынын;

қолданады:

дәрілік өсімдіктермен, олардың атауын; оларды қандай ауруларға қолдануға болатыны туралы білімді.



Тәрбиеші:Сарсембаева

П.К



Просмотров: 620


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст