АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтарға жадынама

24.01.2017

Балабақша педагог- психологі: Козубаева Анар Екпиновна

Педагогтарға арналған жадынама.

  1. Егер баланы қайта - қайта ұрысса, онда бала ашулаңшақ болып келеді.
  2. Сенiң таңдаған жолың ұстаздық, демек, тәрбиешi тәлiмгерсiң, ар-ождан алдындағы басты парызың, мамандықтың басты парызыболғандықтан, оның бұралаң-бұлтарысы сенiң төзiмдiлiгiңдi ұстамдылығыңды шыдамдылығыңды талап етедi.
  3. Мамандық талабына үйлесiмдi үлгi болуда жеке басында кездесетiн кемшiлiк, қателiктердi дер кезiнде мойындап, ешкiмге жария
  4. етпестен уақытымен түзетуге бар пейiлiңмен кiрiс. Нағыз зиялы адам өзiн-өзi бақылай бiлуге мiндеттi.

  5. Егер баланың көзінше қылықтары үшін күлсе,онда ол ұялшақ, нәзік болып келеді
  6. Есiңде болсын өзiң жалындай бiлсең, басқаның көңiлiн, ынта ықыласын оятасың. .
  7. Балаға қойылатын талап оның дамуындағы ақиқат шындықпен iштей бiрлiк тауып, үйлесiмдi болса ғана сiз жүргiзген тәлiм-тәрбие
  8. нәтижелi болады.

  9. Егер балаға жиі қамқорлық жасалынса, онда ол өзіне сенімді болады.
  10. Егер баламен тек қана ашық шындықта болса,ол әділетшіл болады.
  11. Егер бала қауіпсіздік сезіммен болса, онда ол өз өміріне сенімді болады.
  12. Өз балаңызды сүйіңіз!
  13. Өз балаңызға қуанышпен, оны ренжітпей, өзіне сену сезімін жоймаңыз және сізді сүюге мүмкіндік жасаңыз!
  14. Өз балаңызды қорғаңыз!Баланы ішкі жан дүниесі мен күшпен қауіптан сақтаңыз.
  15. Өз балаңызға үлгі ретінде мейірімді болыңыз.
  16. Дәстүрлі құндылықтарды қастерлеуге итермелеңіз, балаға үлкен жауапкершілікпен қараңыз, балаға отбасындағы тату шаңырағы қажет.
  17. Бала шыңдықта, үйлесімділікте өмір сүру керек.
  18. Бала үй шаруашылығына қатысса, оған назар аударып, көмек көрсетіңіз. Бала есейе барлық шаруаларға қатыстырыңыз.
  19. Демалыс күндері, яғни бос уақытында балабақша және мектеп ұйымдары түрлі үйірмелерге қатысу қажет.
  20. Балаға адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шектерін көрсетіңіз.
  21. Ата - аналар балаға жеке тұлға ретінде  қалыптасуына мүмкіндігімен таныстырып, сонымен бірге балаға әр жасалған әрекеті
  22. үшін жауапты екеніне  және олардың шектеулері бар екеніне мәлімет беру.

  23. Баланы тәртіпті болуына үйретіңіз!
  24. Балаға өз пікірі мен басқаларды бағалауға үйретіңіз!
  25. Балаға уайымдауға мүмкіндік беріңіз. Кейін олар құндылыққа айналып, елес ретінде қалыптасады. 
  26. Еңбекпен жеткен табысы үшін балаңызды мақтаңыз.
  27. Жат қылықтарын бетіне баспаңыз.
  28. Бала алдына мақсат қоя біліңіз, табысын бағалаңыз.
  29. Баланың әр ісін назардан тыс қалдырмаңыз.
  30. Балаңызбен ашық сөйлесіңіз, сырласыңыз, ішінедегі дертін тыңдаңыз.Оның жеңісіне қуаныңыз.
  31. Баланы қабiлеттi, бойында күш-қуаты жеткiлiктi екендiгiне сендiре бiл. Өйткенi сенiм жеңiске жеткiзе бiлетiн үлкен күш.
  32. Ұжымда азды-көптi абыройға ие болсаң болдым, толдым демей, үздiксiз оқып, iзденiп, өзiңдi тәрбиелеуден қол үзбегiн!. Оқуды
  33. тастаған күнi-сол сәттен бастап, бәрiнен сырттадым дей бер.

  34. Педагогтар агрессивті балалармен қарым-қатынасты болғанда сабырлық, жұмсақтық, шыдамдылық, түсінушілік танытулары қажет, баладатек жақсыны көріп, сену қажет.

Есіңде болсын!

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген

ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

-  Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.

- Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын

арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

-  Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап,

құрмет тұтуға үйрету. Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

-    Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

-    Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

-    Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.  Бақылау, тексеру,бағалау.

-  Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.

-Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.


Ата-аналарға психологиялық кеңес

  1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз
  2. керек.

  3. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
  4. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы
  5. асықтырмаңыз.

  6. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз.
  7. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
  8. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
  9. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз.
  10. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан
  11. мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

  12. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
  13. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
  14. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тен дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз.
  15. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
  16. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
  17. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
  18. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
  19. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге
  20. шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

  21. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
  22. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
  23. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  24. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
  25. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
  26. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
  27. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  28. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
  29. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
  30. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
  31. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
  32. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
  33. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
  34. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
  35. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
  36. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
  37. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
  38. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  39. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
  40. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.

  41. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
  42. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  43. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға
  44. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
  45. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. Балаңызбен
  46. бірге әңгімелер,

  47. Ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып,баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
  48. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.







Просмотров: 1474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст