Жас ата-аналарға кеңес.
4-5 жаста балалар ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, байланыстырып сөйлеуі тиіс. Сөйлеу тілінің әртүрлі кемшіліктері баланың жалпы дамуына, мінез-құлқының қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Ондай балалар тіл ақаулықтарын сезініп, көп сөйлемеуге тырысады, ұялшақ келеді.
Ал дыбыстарды дұрыс айту олардың артикуляциялық органдарының дұрыс дамуына тікелей байланысты. Артикуляциялық органдарыны дұрыс дамымаған жағдайда бізге артикуляциялық гимнастика пайдасы зор. Артикуляциялық гимнастика дегеніміз- артикуляциялық органдарды ( ерін, тіл, жақ ) дыбыстарды
дұрыс айтуға машықтандыру үшін пайдаланатын жаттығулар.Қол, аяққа жасалатын гимнастика бізге үреншікті, әрі түсінікті қол –аяқтың бұлшық еттерін жаттықтыру арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, күштілікке жаттықтандырымыз. Ал енді тілді не үшін жаттықтырамыз, ол жай да сүйексіз емес пе? Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшық еті. Сондықтанда оған басқа бұлшық еттер сияқты жаттықтыру өте қажет. Дыбыстарды айту барысында белгілі бір мақсаттарды
көздейтін қимылдарды орындау үшін тіл жеткілікті дамыған болуы керек. Бала қиын дыбыстарды ( с, з, ш, ж, л, р) дұрыс айтуы үшін, еріні мен тілін қажет қалыпта ұзақ ұстауы үшін, бір қалыптан екінші қалыпқа бірнеше рет ауыстыруы үшін оңың еріні мен тілі мықты әрі иілгіш болуы керек. Осының бәріне үйрену үшін артикуляциялық жаттығулардың пайдасы зор.
Артикуляциялық жаттығулармен айналысудың қажеттілігінің себептері:
1.Дер кезінде жас алған артикуляциялық жаттығулар мен есту қабілетін дамыту жұмыстары көптеген балаларға маманның көмегіне жүгінбей-ақ өздігінен анық әрі таза сөйлеп кетулеріне ықпалын тигізеді.
2. Дыбыстарды айтуында күрделі ақаулары бар балалармен логопед жұмыс жасап, олардың артикуляциялық бұлшық еттерін дайындаған болса ондай балалар дыбыстық ақауларын тез жеңіп жығады.
3. Артикуляциялық жаттығулар сонымен қатар дыбыс айтулары дұрыс, бірақ анық емес балаларға да өте пайдалы. Дыбыстарды таза айту бастауыш мектепте сауатты жазудың негізі екенін ұмытпау керек.
4. Артикуляциялық жаттығулармен айналысу ересектерге де ,балаларға да таза әрі анық сөйлеп үйренулеріне мүмкіндік береді.
Артикуляциялық жаттығулармен айналысу жөнінде ұсыныстар:
5. 4-5 жас аралығындағы балаларға қойылатын талаптар ұлғайады, олардың қимылдарды анық , бір қалыпты, еріндерін тітіркендірмей (қозғалтпай) жасауларын қадағалау керек.
6. 6-7 жас аралығындағы балалар артикуляциялық жаттығуларды жылдам, тілді бір қалыпта ұзақ уақыт, қозғалыссыз жасай алады.
7. Егерде жаттығуларды орындау барысында баланың тілі дірілдеп, қатайып тұрса немесе бір жаққа бұрыла берсе, бала аз уақыт аралығында болса да тілін ұстап тұра алмаған жағдайда міндетті түрде логопед маманына айтыңыз. Балаға логопед маманының көмегімен, арнайы массаж қажет болады.