АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу-тәрбие үрдісінде қазақ балалар фольклор қолдану әдістемесі

10.01.2017

Тәрбие басы-тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды.Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілінүйренуге тәрбиелеудің түп негізі балабақшада қалыптасады.

Еліміздің ертеңі болашағы –бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ.Бүгінгі ұрпақты жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу, баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ерте жастан сіңіру болып табылады.Балалардың бойында ұлттық сананы оятып, тәрбиенің негізін қайта құру бүгінгі күннің басты міндеті.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді.Сондықтан бала тілі өз ана тілінде дамуы үшін

ұлттық санасын оята отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиелену керек.Ұлттық тәрбие-ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Мен ұлттық

дәстүрлердің ең қажеттілерін, бала жасына лайықтыларын саралап, оның тәрбиелік сипатын тереңдетуге тырысамын.Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеген.Балабақшада этнопедагогикалық тәрбие берудің маңызы зор. Этнопедагогика- жалпы педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканы халық педагогикасы деп атайды. Этнопедагогикалық тәрбие беру мақсатында көрнекіліктер ретінде киіз үй, үй

жиһаздар, ұлттық оюлар, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдарды пайдаланамын.Ұлттық этнопедагогиканы пайдалану арқылы балаларды адамгершілік, имандылық,

қайырымдылық, мейірімділік, әдептілік, кішіпейілділік, қасиеттерге тәрбиелеу, инабатты, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, ана тілін, салт-дәстүрін

рухани-мұраларды қастерлеуге баулимын.Мен ұлттық дәстүрлердің ең қажеттілерін, бала жасына лайықтыларын саралап, оның тәрбиелік сипатын тереңдетуге тырысамын. Қазіргі заман талабына сай жүрсек, балабақшлаларға ағылшын тілін енгізгелі жатыр. Ағылшын тілін балаларға үйрету мақсатында қазақ фольклорын қолдануға болады.

Қазақ этнопедагогикасы балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде бес бағытта қарастырылып, қолдануға болады. Олар қазақ балалар фольклоры, салт-дәстүрлер, ұлттық өнер, ұлттық ойындар, этноэкология. Қазақ этнопедагогикасының бір бөлігін балалар фольклоры құрайды. Қазақ балалар фольклоры мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жетілдіруге, дүниетанымын қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бастауы-бесік жыры. Қазақ этнопедагогикасының тәрбиені бесік жырынан бастайды. Бесік жырын ағылшын тілінде де үйретуге болады, бұл баланың өз салт-дәстүрін өзге тілде таныстыруына қызықтырады.

Балаларға бесік жырын үйретуде ең біріншісі қуыршақты бесікке бөлеп көрсетіледі.Сол бесіктегі баланы тербетіп отырып бесік жырын айтады. Бесік жырларының түрлері көп.Соның бірі:

Әлди,әлди,ақ

бөпем,

Ақ

бесікке жат бөпем.

Жылама,

бөпем, жылама.

Жілік

шағып берейін

Байқұтанның

құйрығын

Жіпке

тағып берейін.- деген түрлері халық

арасында кең таралған.

Жылаған баланы тыныштандырып, көңілін басқа жаққа аудару мақсатында уату-алдарқату өлеңдері айтылады. Жылаған баланы уату үшін мынандай өлеңдер айтылады. Ол өлеңді сәбилерге бесіктегі қуыршақты тербетіп отырып айтуға болады. Мысалы:

Ой,

жаным ,ой жаным

Мойнымдағы

маржаным.

Садақа

салған мал жаным,

Жас

алыпсың көзіңе,

Не

болады екен өзіңе?- деген тәрізді

өлеңдермен жұбатады.

Ағылшын тілінде де көптеген бесік жырлар бар. Осы бесік жырын ағылшын тілінде былай қолдануға болады.

Diddle,0diddle,0dumpling, 


my0son0John, 
Went0to0bed 
with0his0trousers0on; 
One

shoe off, 

And0the0other0shoe0on, 


Diddle,0diddle,0dumpling, 


my0son0John 
Қазақ этнопедагогикасында тағы бір тәрбие құралы-ертегілер.Ертегілердегі кейіпкерлер арқылы халық ерлікті, шыншылдықты, сүйіспеншілікті, дәріптеп,

мейірімділік қасиеттерге баулиды, өтірік, жалқаулық, қулық сияқты адам бойындағы кемшіліктерді сынайды. Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері ретінде халықтың

сүйікті жануарлары түйе, қой, ешкі, жылқы жиі кездеседі. Ертегілер төрт топқа бөлінеді: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері,

және аңыз-әңгімелер. Мысалы, «Жыл басына таласқан жануарлар», «Ақылды лақ», «Төрт дос»

The

hare was once boasting of his speed before the other animals. "I

have never yet been beaten," said he, "when I put forth my

full speed. I challenge anyone here to race with me."

The

tortoise said quietly, "I accept your challenge."

"That

is a good joke," said the hare. "I could dance around you

all the way."

"Keep

your boasting until you've beaten," answered the tortoise.

"Shall we race?"

So

a course was fixed and a start was made. The hare darted almost out

of sight at once, but soon stopped and, to show his contempt for the

tortoise, lay down to have a nap. The tortoise plodded on and plodded

on, and when the hare awoke from his nap, he saw the tortoise nearing

the finish line, and he could not catch up in time to save the race.

Plodding

wins the race.

Мектеп жасына дейінгі балалрдың өміріндегі ұлттық этнопедагогиканы оқу- тәрбие үрдісінде қолдану тәрбиелік жағынан маңызы өте зор.Этнопедагогика негіздері арқылы балалрдың сөйлеуге қызығушылықтары артады, сөздік қорлары, тіл байлықтары молаяды,тіл үйренуге қызығушылықтары артады, балаларды қайырымдылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабатылыққа тәрбиелеуге қолданамын.





Просмотров: 718


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст