Мектепке дейінгі мекемеде арт-терапия әдістерін қолдану арқылы, психологтар балалардың жеке басындағы, ойлауы, мен іс-әрекетіндегі немесе отбасындағы қиындықтар мен артта қалушылықтарды анықтап, шара қолданады. Балабақшада балаларға сурет салдыру арқылы оларға қандай әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек қажеттігін анықтай аламыз. Қазіргі заманға сай адамның жаңа қиялы,жаңашыл идеялары,бастамалары. Педагогикадағы жаңашылдық-бұл жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың үрдісі болып табылады. Жаңашылдық қай сала мамандарына болса да қажет, сондықтан оған дайындықпен қараған дұрыс. Жаңашылдық жайдан-жай туындамайды, ол қандай да болмасын ізденістің белгісі, педагогикалық ұжымның, жеке педагогтардың іс-тәжірибесі. Педагогикалық іс-әрекетке жаңашыл технологияларды қолдану: жаңа мақсат, міндеттерді талап етеді, оқыту және тәрбиелеудің мән-мағынасын өзгертіп, оқытушы мен оқушының бірлескен ұжымдық әрекетін көздейді. Осы тұрғыда бүлдіршіндерімізді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның ең тиімді түрлері: құм тераписы, музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, қамыр, коллаж, түйме, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс.
Арт-терапияның басты мақсат міндеттері:
· Топта жағымды эмоционалды көңіл күй құру, ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, кенеттен ішкі себептерден пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу;
· Өз қатараластарымен, ата-анасымен, педагогтармен және т.б. қарым-қатынас процесін жеңілдетеді. Шығармашылық әрекетке бірге қатысу балаларды бірін-бірі оң қабылдауға үйретеді.
· Адамның көлеңкелі жағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамның көлеңкелі жағы – ол адамның өзі қабылдамайтын жағы болып есептеледі. Мысалы: агрессия;
· Арт-терапия босаңсуға (релаксация) көмектеседі;
· Бала бақшаларда, әсіресе, көпұлтты топтарда тілдік барьерді жеңуге көмектеседі. Тәрбиешілерге бала дыбыстап тілімен жеткізуге, талқылауға қиналатын мәселелерге көңіл аударуға мүмкіндік туғызады.
Арт-терапияны қолдану, топтың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттеп танып-білуге көп мүмкіндік береді Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.
Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болады:
· Зердесін дамыту;
· Агрессиядан басқа да жағымсыз сезімдерден шығар жол табу мүмкіндігіне;
· Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;
· Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіздігіне;
· Ой өрісін дамыту, емдеу процесін жеңілдетуге;
· Түсініксіз ішкі шиеленістер мен қобалжуларды сөзбен айтқанға қарағанда көру бейнелерінің көмегімен көрсетуді жеңілдетуге.
· Танымдық үрдісін дамыту;
· Өзінің ішкі әлемін түсіну қабілетін дамыту;
· Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту;
· Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;
· Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
· Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту
· Ойлауды дамыту.
Арт-терапия жүргізуге қойылатын талаптар:
· Бөлме еркін қимыл-қозғалыс жасауға ыңғайлы және ойындар жүргізген кезде дыбысты бәсеңдететін болуы қажет;
· Шығармашылыққа қажетті заттардың барлығы бөлмеде болуы қажет: түрлі-түсті қарындаштар мен бояулар, саз балшық, түймелер, құнсыз заттар, ағаштар, тастар, мата қиықтары, қағаз түрлері т.б.;
· Топшамен жұмыста 5-7 баладан аспауы қажет;
· Педагог міндетті түрде суретші болуы шарт емес, оның психологиядан білімі және топпен жұмыс жасай алу қабілеті болуы қажет.
· Сурет, бояулы живопись, саз балшықпен жұмыс істеу сияқты өнердің белгілі бір түрімен айналысу баланың эмоционалдық көңіл-күйін тұрақтандыруға, санасының астарында жатқан қобалжулар мен күйзелістерді қауіпсіз түрде сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании. – М., 2001 ж. Б. 34 — 58.
2. Копытин А.И. Практикум по арт-терапии. СПб, 2000г.-410с.
3. Копытин А.И. Теория и практика арт-терапии, СПб, 2002г.330-с
4. Левченко И. Ю. Артпедагогика и арт – терапия в специальном образовании. М. Академия 2001 ж, Б. 7 – 31. Левченко И. Ю. Психолого – педагогическая диагностика. М. Академия, 2000 ж. Б. 4 – 8.