АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кері байланыс ҰОК Сурет Тақырыбы « Жолақтағы ою элементтері » 1 « Куыршақ » тобы Тәрбиешілері Мендыбаева С. Т Матина Г . Ө .

26.11.2020

Тақырыбы: Жолақтағы ою элементтері.

Мақсаты: а) Қазақ оюларының суретін салу тәсілдерімен таныстыру; қолданатын бұйымдарды ою- өрнектермен безендіру жолдарын геометриялық фигуралар салу арқылы көрсету; үзік сызықтарды қосу арқылы қандай бейне шығатынын білдіру, балалрдың көркемдік талғамын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ою-өрнектерімен безендірілген тұрмыстық заттар, геометриялық фигуралар.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: Ою-өрнек.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші ою-өрнектер суретін көрсетеді, бірнешеуінің: «қошқармүйіз», «құсқанаты», «гүл», «ирексу» аттарын атап өтеді және оларды қимыл қозғалыспен көрсетеді.

«Қошқармүйіз» қолдарын жоғары көтеріп, сыртына қарай қолдың басын ию, «құсқанаты» - екі қолды жоғары көтеру т.б.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ұлттық бұйымдарды /сырмақ, кесе/ көрсетеді, сандықтың атауларын сұрайды, олардың ою-өрнектеріне назар аудартады.

Ою-өрнек /ирек және тышқан ізі деп аталатын/ бейнеленген суреттерді көрсетеді. Сұрақ-жауап арқылы олар туралы түсінік береді.

«Қандай пішін жоқ?» дидактикалық ойыны:

Мақсаты: жаңа ою-өрнек элементеріне балалардың көздерін үйрету және оны басқа пішіндерден ажырата білу.

Шарты: төрт пішінді /шеңбер, тіктөртбұрыш, «ирек» және «Тышқанізі»/ тақтаға іліп қояды да, ішінен бір пішінді жасырады. Балалар қай пішін жасырылғанын айтады.

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

 

Ою- өрнекті салып аяқтау. /Музыка қоюға болады/.

  1. «Ирек» өрнегін сынық сызықтарды үшбұрыштап қосу арқылы үзбей сызуға жаттықтыру /қарындашпен қосу/.

  2. Үшбұрыштарды аяқтау.

  3. Жолақшада тұрған үшбұрыштарды бояту, яғни оны балалардың қалаулары бойынша бояуға қылқаламды батырып, жоғарыдан төмен қарай, дәптердің сол жағынан бастап бояу, дайын ою-өрнектерді бояу. Жұмыс барысы туралы пысықтау сұрақтарын қоюға болады.

Балаларды толық және жеке-жеке жауап беруге үйрету.

  • Сандықта бейнеленген ою «қошқармүйіз» деп аталады, ал кеседегі ою «құсқанаты» деп аталады.

  • Үшбұрышқа ұқсайды, түстерін қайталау. Салыстыру, түстерін атайды.

  • Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар.

Балалар атауларын атап қайталайды.

/екі ретьойнатуға болады/.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

 

 

  • Мен ою салып жатырмын.

  • Балалар педагогтің бағыт беруімен жұмысты бастайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Жұмыстарын аяқтаған балалардың дәптерлерін топтағы төсеніш үстіне реттеп қояды, педагог балаларды тыңдайды, олар өз-өздеріне баға береді. Педагог балалардың суреттеріне талдау жасайды.

Қандай ою салып отырғандарын, оның үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақ оюларының суретін салуды;

Игереді: геометриялық фигуралар салуды, үзік сызықтарды қосу арқылы, нүктелеп белгілеу арқылы сурет салуды;

Меңгереді: геометриялық фигуралар салу арқылы ою-өрнектермен безендіру жолдарын..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 587


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст