АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МКҚК
ГККП "ЯСЛИ-САДА "АРМАН" ГОРОД КӨКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог және Заң. Мектепке дейінгі білім беру пеадгогтерінің құқықтары мен жауапкершіліктері

"Арман" бөбекжайында мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің құқықтары мен жауапкершіліктері тақырыбында әдістемелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтерді өздерінің заңмен бекітілген құқықтары мен кәсіби жауапкершіліктерімен таныстыру, сондай-ақ білім беру саласындағы нормативтік құжаттарды түсіндіру болды.

Іс-шара барысында педагогтерге Қазақстан Республикасының білім беру саласына қатысты заңдары, соның ішінде педагог мәртебесі, еңбек құқықтары, кәсіби міндеттері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар педагогтердің негізгі құқықтары атап өтілді: кәсіби қызметін еркін жүзеге асыру, біліктілігін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайына ие болу және олардың ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуы.

Кездесу кезінде педагогтердің жауапкершіліктеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы білім мен тәрбие беру, педагогикалық этиканы сақтау және білім беру стандарттарын орындау мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында педагогтер өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасып, сұрақтарына жауап алды. Талқылау нәтижесінде қатысушылар педагогтердің құқықтарын білу мен кәсіби жауапкершілікті сақтау білім беру сапасын арттыруға маңызды әсер ететінін атап өтті.

Қорытынды:
"Арман" бөбекжайында өткізілген бұл іс-шара педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың кәсіби қызметіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.  


Текст