Текст
Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.
Мақсаты : балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.
Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауғаұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.
Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.