«Тіл байлығы, тіл тазалығы-ұлт қасиетінің,
салт –санасының негізгі өнеге белгісі»
Бауыржан Момышұлы
Көкшетау қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың қалалық қоғамдастығының жоспарына сәйкес 11 ақпан 2021 жылы қалалық логопед және дефектолог мұғалімдерінің «Арман» бөбекжайында қашықтықтан «Мектепке дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды дамытуда этнопедагогиканың маңызы» тақырыбында семинар өтті. Бұл бүгінгі күні өзекті тақырып, өйткені білім беру процессіне жаңа технологияларды еңгізу және балаларды ұлттық нышанда тиімді тәрбиелеуге ықпал етеді.Ең бастысы балалардың танымдық қызығушылығын , сөйлеу тілін дамытып, ұлттық тәрбие, сана-сезім, этномәдини білім беру. Семинар жұмысына «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі оқыту бойынша әдіскері Мукатаева Ляззат Жамбыловна Қалалық қоғамдастық жетекшісі Ғ.Е.Құлмағанбетова және мектепке дейінгі ұйымдардың логопед, дефектолог мұғалімдері қатысты. «Арман» бөбекжайының мамандарының таңдаған материалдары өзекті, қазіргі заман талаптарына сай , педагогтардың өз жұмысын талдауға және сараптауға мүмкіндік береді. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін, қызықты және мазмұнды болғанын атап өтті.