“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Арман” бөбекжайында құрылған “Аналар мектебі” жұмыс жоспарына сай “Көжек”15 мектепалды даярлық тобында “Қыз еркем-кестесімен көркем” атты тамаша іс-шара өтті. Аталған іс-шараға “Аналар кеңесінің” мүшелері Кулаим Жанатайқызы, Гайни Омирбаевна қатысып, жас бүлдіршіндерге бата-тілектерін айтып кетті. Шараны ұйымдастырушы дене тәрбиесінің нұсқаушысы А.Т.Мадиева, топ тәрбиешілері Г.Е.Байзакова, Б.Х.Галимова және ата-аналары. Бөбекжай атынан белсенді қатысқан аналар “Алғыс хаттармен” марапатталды. Іс-шараға қатысқан ұжымға алғыс білдіреміз. Ата-аналар балаларға арнайы үлгідегі ұлттық киімдер тігіп, белсенділік танытты. “Аналар кеңесіне” Меморандум аясында бірігіп, жасап жатқан жұмысымызға ризашылығымызды білдіреміз.