16 сәуір айында “Арман” бөбекжайында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Этнопедагогика-ұлттық тәрбиенің негізі” атты тақырыбында семинар өтті. Семинардың ашылуы бағдарламамен таныстырып , музыкалық ән-шашу, тренинг “Асық терапиясымен” басталды. Бөбекжайдың логопедтері: Алгужина Г.А., Нуркеева А.С. “Инклюзивті білім берудегі арнайы ұлттық педагогикалық технологияларымен” тақырыбында іс-тәжірибесімен алмасты.
Шебер -сынып “Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады” деп дене тәрбиесі нұсқаушысы А.Т.Мадиева “Ақ отау” асық ұлттық ойын ойнатып іс-тәжірибесін бөлісті.
”Әкелер мектебі” “Әке -отбасының тірегі, бала тәрбиесінің негізі” атты іс шарамен мектепалды тәрбиешілер : Галимова Г.Е., Байзакова Г.Е. жұмыс жасағаны байқалды. Бүгінгі таңда топтың белсенді әкелері ұлдарына “Арқан есу” әдісін үйретіп, жасалу жолдары туралы түсінік берді.
Тәрбиеші Аугапасова Л.Т. “Ана тіршілік нәрі” атты тақырыбында Аналар мектебі арқылы ұмыт бола бастаған қазақы тәрбие мен салт дәстүр қайта жаңғыртып жасап жатқан жұмысын көрсете алды.
“Жеті қазына” интеллектуалды ойынын ересек тобынын тәрбиешілері Жумажанова А.О. мен Шарапиева А.К. жасанды интеллект қолданып қызықты, танымды, қазақ халқының салт дәстүрлерін қолданып көрсетті.
Педагог-психолог Уалиева М.Н. “Интерактивті құмсалғыш-этнопедагогика аясында мектеп жасына дейінгі балаларды халық дәстүрлеріне баулудың құралы ретінде” тақырыбында іс-тәжірибесімен алмасты. Интерактивтік құм терапия балалардың сенсорикасын дамытады, шығармашылық пен қиялды арттырып, топпен жұмыс жасауды жақсы мүмкіндік беретінін айтып кетті..
Жас маман музыка жетекшісі Серикова М.С. “Дәстүрден тыс қазақ халық аспаптары Жаңашылдық пен ұмыт қалған мұра” шебер- сынып көрсетті.
Кері байланыста семинар өте мазмұнды, қызықты әрі пайдалы өтті. Ұйымдастырушы тарапқа алғысымызды білдіреміз!