Текст
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Арман” бөбекжайы
24.06.2025ж.”Арман” бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған “Тәрбиелеу- білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру” тақырыбындағы “Балаларды дамыту институтының” біліктілігін арттыру курсының практикалық бөлімі бойынша республикалық семинар өтті. Семинардың практикалық бөлімінде “Арман” бөбекжайының педагогтары “Білім беру ұйымы мен ата-аналардың серіктестігі. Ата-аналармен бірлескен ойындарды ұйымдастыру” әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар қатысушылары практикалық бөлімнен алған пайдалы ақпаратты жоғары бағалап, ризашылығын білдірді