Текст
Ұйымдар тізімі
06.03.2026
Наурыз айының 02-06 күндері аралығында "Арман" бөбекжайда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана – өмір шуағы» атты ертеңгілік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларды аналарды, әжелерді құрметтеуге, оларға деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Ертеңгілік барысында балалар тақпақтар айтып, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар аналармен бірге қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, аналарға арнап жылы тілектерін білдірді.
Іс-шара соңында балалар аналарға гүлдер мен шағын сыйлықтар табыс етті. Мереке көңілді әрі әсерлі өтті.