Ұйымдар тізімі
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай бөбекжайымызда сап түзеу шарасы ұйымдастырылды. «Жас сарбаздар» мерекелік шеруін ашу үшін «Арман» бөбекжайы меңгерушінің міндетін атқарушы Сулейменова Жанар Женисовнаға сөз берілді. Әр топ өздерінің ұраны мен, әндерін айтып кетті.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, елін, жерін құрметтеуге баулу. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің жігері мен ынтасы көпшіліктің көңілінен шығып, мерекеге ерекше сән берді. №13 «Қошақаш» тобы сарбаздары «Ленталар»
№9 «Ақбота» тобы сарбаздары «Барабан»
№15 «Көжек» тобы «Самокатшылар» жасағы
№14 «Көбелек» тобы сарбаздары «Кимано» карате
№11 «Моншақ» тобы «Велошабандоздар»
№16 «Ботақан « тобы «кішкентай батырлар» «Барабан»
№12 «Гүлдер» тобы сарбаздары «Шарлар»
№10 «Жұлдыз» тобы «жаяу әскер» «Жалауша» мерекелік шеру көрсетті.
Марапаттау рәсімін «Арман» бөбекжайы меңгерушінің міндетін атқарушы Сулейменова Жанар Женисовнаға берілді.
Отанымыз аман, еліміз тыныш болсын!