Ұйымдар тізімі
15.09.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайы» МКҚК-ның
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Назар аударыңыз, балалар!» жол қозғалысы апталығын өткізу туралы ақпарат
2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Арман» бөбекжай тәрбиеленушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін арттыру, көшеде және жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Назар аударыңыз, балалар!» жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы ұйымдастырылып, өткізілді.
Апталықтың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларға жол қозғалысы ережелерін үйрету, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға тәрбиелеу, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Апталық барысында жоспарға сәйкес әртүрлі танымдық, ойын және практикалық іс-шаралар өткізілді.
Кіші топтарда «Жолда жүру тәртібін білейік!» тақырыбында апталықтың ашылуы ұйымдастырылып, балалармен жол қауіпсіздігі туралы әңгімелер жүргізілді. «Бағдаршам – біздің досымыз», «Қызыл, сары, жасыл» ойындары арқылы тәрбиеленушілер бағдаршам түстерінің мағынасын қайталап, жолда өзін дұрыс ұстау ережелерімен танысты.
Ортаңғы топтарда «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбында танымдық жұмыстар жүргізілді. Балалар жол белгілерінің түрлерімен танысып, «Белгіні тап», «Жол белгілері сөйлейді» дидактикалық ойындарына қатысты. Ойын барысында балалар жол белгілерін ажыратып, олардың мағынасын түсіндірді.
Ересек топтарда «Жаяу жүргінші боламыз» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Балаларға жаяу жүргіншілерге арналған жол, жолдан өту тәртібі түсіндірілді. «Жаяу жүргінші жолы», «Көшеден қалай өтеміз?» сюжеттік-рөлдік ойындары ұйымдастырылып, балалар жолдан өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтады.
Мектепалды топтар «Қауіпсіз жол – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында қауіпсіздік шаралары өткізілді. Балаларға жолдағы қауіпсіздік туралы бейнематериал көрсетіліп, көргендері бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. «Жол сақшылары» сюжеттік-рөлдік ойыны арқылы балалар жол қозғалысына қатысушылардың рөлдерімен танысты.
«Назар аударыңыз, балалар!» жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы жоспарға сәйкес өткізілді. Апталық барысында балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдері толықтырылып, қауіпсіз жүріп-тұру дағдылары қалыптастырылды.
Тәрбиеленушілер бағдаршам түстерін, жаяу жүргінші өткелін және негізгі жол белгілерін ажыратуды үйренді. Ойындар, практикалық жаттығулар және шығармашылық жұмыстар арқылы балалардың жол қауіпсіздігіне деген қызығушылығы артты.
Іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаларын насихаттауға, балаларды тәртіптілікке, жауапкершілікке және қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеуге бағытталды.