АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МКҚК
ГККП "ЯСЛИ-САДА "АРМАН" ГОРОД КӨКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайы» МКҚК өткізілген «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты туралы ақпарат

15.09.2026

     Бөбекжайда мектепалды даярлық топтарда «Адал бала-әдепті бала» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.

Мақсаты:
Балаларға «адалдық», «шыншылдық» құндылықтары туралы қарапайым деңгейде түсінік беру. Жақсы мен жаман әдеттерді ажыратуға, өтірік айтпауға, өз қателігін мойындай білуге және достарына адал болуға тәрбиелеу.

    Тәрбиелік сағатат балалардың көңіл-күйін көтеру   мақсатында «Шаттық шеңберінен» басталды. Балалар қол ұстасып, адалдық пен достық туралы өлең жолдарын, жылы сөздер айтты. Тәрбиеші балаларға «адал азамат» ұғымын қарапайым мысалдармен түсіндірді.

    Тәрбие сағаты барысында балалармен жағдайаттар қарастырып, дұрыс, бұрыстығы туралы айтылды, талқыланды.  Балалардың белсенділігін арттыру мақсатында «Жақсы ма, жаман ба?» дидактикалық ойыны ойнатылды. Ойын барысында балалар жақсы істерді (үлкендерге көмектесу, шындықты айту) шапалақтап, жаман істерді (рұқсатсыз зат алу, кінәні басқаға жабу) аяқтарын топырлату арқылы тез әрі дұрыс ажырата білді.

     Сабақ соңында  адалдыққа байланысты шығармашыллық жұмыстармен аяқтады.

   Балалар белсенді қатысып, адалдық пен шыншылдықтың адам өміріндегі маңызын ұқты. Өткізілген іс-шаралар  балалардың бойында кішкентай күнінен бастап адалдықтың алғашқы негіздерін қалыптастыруға, яғни «Адал азамат» болып өсуіне септігін тигізеді.

 

Просмотров: 71


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст