АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вакцина алғанына 6 ай өткен азаматтар ревакциналануы қажет – Ералы Тоғжанов Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/vakcina-alganyna-6-ay-otken-azamattar-revakcinalanuy-kazhet-eraly-togzhanov_a3887543

21.01.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов халықты вакцина мен ревакцина жасатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Той-жиынды, негізсіз бас қосу мен қыдыруды уақытша тоқтату керек – Ералы Тоғжанов «Пандемия кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды қайталағымыз келмесе, санитарлық қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтау қажет. Сондықтан, әрбір қазақстандыққа өз денсаулығына, жақындарының, туыстарының денсаулығына қамқорлық көрсетуге және қысқа мерзімде вакциналау мен ревакциналаудан өтуге кеңес береміз. Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі қалай өзгеретіндігі тек өзімізге байланысты. Қазіргі «омикрон» штамы тез таралуымен қоймай, жас талғамайтындығымен қауіпті», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның айтуынша, қалыптасқан иммунитетті сақтап қалудың бірден-бір жолы – реквакциналау. «Алдын ала емделгеннің есесі кетпес» дейді халқымыз. Сондықтан вакцина алып үлгермеген әрбір қазақстандық тез арада вакцина қабылдауы керек. Вакцина алғанына 6 ай өткен азаматтар – ревакциналануы қажет! Ең бастысы, Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар тиімді әрі қауіпсіз. Оны уақыттың өзі дәлелдеді», - деді Е. Тоғжанов. Бұған дейін Ералы Тоғжанов коронавирус зардабынан 18 мың адам қайтыс болғанын айтып, санитарлық нормаларды елемейтін тұрғындардың әрекетін сынға алған еді.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/vakcina-alganyna-6-ay-otken-azamattar-revakcinalanuy-kazhet-eraly-togzhanov_a3887543

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст