АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпақ табандылықтың алдын алу шаралары.

01.02.2019

Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстын түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды.

Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі

Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табан, беліауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.

Жалпақ табандылықтың алдын алу шаралары.

 

Просмотров: 1520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст