Денсаулық апталығы.
Тақырыбы: Аңдар акробатикасы
Мақсаты:Балалардың қимыл қозғалыстарын жетілдіріп,денсаулықтарын нығайту.Биіктіктен секіруге,өрмелеуге,шапшаңдыққа,ептілікке баулу.табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып достыққа,бірлікке баулу.
Балаларға бүгінгі сабақта орманға саяхатқа баратындарын,орман ішінде көптеген кедергілердің кездесетінін және де орманда әр түрлі аңдардың бар екендігін айту.Орманға саяхатқа шығу үшін ең алдымен денемізді шынықтыру керек.Гимнастикалық таяқшалармен жаттығу жасау.Балаларға сабақ қызықты болу үшін аңдар кейіпкерлері келді.Қоян,қасқыр,тиын балаларға өз тапсырмаларын айтып соларды дұрыс орындаса, орман ішіне кіргізетінін айтты.Балалар аңдардың тапсырмаларын қызыға әрі жаксы орындап шықты.Балалар өздерінің шапшаң,епті,алғыр екентіктерін көрсете білді. Аңдармен бірге қызықты қимыл қозғалыс ойындарын қызыға ойнады.Сабақ соңында көзге арналған түзету жаттығуларын жасады.Балалар сабаққа барлығы жақсы қатысып өздерінің епті,шапшаң,мықты екендерін көрсете білді.
Денешынықтыру нұсқаушысы: Давлетхан.М