АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық сабақ Тақырыбы: «Астана және Президент» Тәрбиеші: Сәбит А.

15.02.2019

Тақырыбы: «Астана және Президент »

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі ету, балалардың сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік:  балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, өлең оқу.

Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті, Астана қаласы туралы суреттер, слайд.
Шаттық шеңбері:
-Арайлаған таңды сүйетін кім?

-Мен.

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен.

-Туған жерді сүйетін кім?

-Мен.

-Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен.

Достарын сүйетін кім?

-Мен.

-Еліміздің болашағы кімдер?

Біздер.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қандай мерекені тойлауға келіп отырмыз?

-Президент күні.

Тәрбиеші:

Ұлдарым төрге шықса байрақпенен,

Басталар әнұраным айбатпенен.

Рухтың  ұлағатты көзі емес пе,

Әнұран - әр қазаққа қайрат берген.

(ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады).

Тәрбиеші: Әнұранның сөзін, әнін жазған кімдер екенін білесіңдер ме?

-Сөзін: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін: Шәмші Қалдаяқов.

Тәрбиеші: «Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» осы тәуелсіз мемлекетімізді басқарып отырған президент кім?

-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Балалар  бүгінгі  күн 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналып отыр.

 Тәрбиеші: Ал, балалар сендер Елбасмыз жайында тақпақтар білесіңдер ме?

Әмір: Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Самира:Астана – қазағымның бас қаласы,

Арқадай бой көтерген жас қаласы.

Көшірген Астананы орталыққа,

Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

Даир: Отан деген-туған жер,

Отан –ана,

Отан –үлкен,

Қазақстан туған ел.

 

 

 

Тәрбиеші: Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі – Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, анасы-Әлжан, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Жұбайы-Сара Алпысқызы, олардың қыздары – Дариға, Динара, Әлия. Тәрбиеші: Елбасымыздың еңбек еткен мерзімдері.

-1977-79 ж.ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы.

-1984-89 ж.ж. Министрлер Кеңесінің төрағасы.

-1990 ж. Ақпан-сәуір аралығында Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

-1990 ж. Сәуірден Қазақ КСР президенті.

-1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

-1991 жылдың 16 желтоқсанында аңсаған күнге қол жетіп Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.

-1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер бекітілді.

Сергіту сәті:

Көк байрақ желбіре, (қолды екі жаққа қозғалту)

Асқақтап аспанда, (қолды жоғары көтеріп, теңселу)

Желбіре асқақтап, (теңселу)

Сап түзе жасқанба! (Сапқа тұрып марш жасайды)

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдаршы?

-Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», -дейді қазақ халқы. Кез келген халықтың өз таңбасы болады.

Ал, енді балалар слайдқа назар аударайық.

Балалар, рәміздерге сипаттама берейікші.

-Шаңырақ – ортақ биік  босағамыз, ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Тәрбиеші: Елтаңба – біздің көпұлтты мемлекетімізде өмір сүретін барлық халықтардың бірлігін білдіреді. Қазақстан халқы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді.Елтаңба авторлары -  Жандарбек Мәлібеков, Шота -Аман Уәлиханов.

Ал, енді туымызға сипаттама берейік.

-Туымыз – көгілдір түсті, тік бұрышты мата, ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн тыныштық пен байлықтың белгісі. Қыран құс – еркіндікті, тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

-Жалау авторлары-суретші Шәкен Ниязбеков.

Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала?

-Астана қаласы.

 Тәрбиеші: 1997 жылы қазанның жиырмасында Н.Ә. Назfрбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы ҚР-ның жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті.

Астананың басты белгісі-Бәйтерек, Ақорда-ҚР Президентінің резиденциясы, Пирамида-Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан шатыр-ең үлкен ойын-сауық  орталығы.

Ұжымдық жұмыс:  жапсыру «Желбіресін туымыз»

Қорытынды:

-Балалар бүгін біз қандай мереке тойлап отырмыз?

-Тұңғыш президент күнін тойлап отырмыз.

-Мынау қандай құстың суреті?

-Самғаған биік шыңға қыран құс.

Тәрбиеші: Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы!

Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні баршамызға құтты болсын. Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып тақырыптық сабағымызды аяқтаймыз. Барлықтарыңызға рахмет!

 

 

Просмотров: 920


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст