АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ- САД   "АРМАН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Анаға сәлем!"

04.03.2019

"Анаға сәлем!"

Балалар ән әуенімен ортаға келіп тұрады, орындарына отырады.

Нарғыз:              Армысыздар   әжелерім, аналарым

                             Мейірбан   аппақ көңіл даналарым

                             Гүл   көктемнің алғашқы  мейрамымен

                             Құттықтайды сіздерді балаларың

Нұрдаулет:     Армысың ақжаулықты әжелерім,

                            Ақылы дариядай кемеңгерім

                            Ардақты аналардың мейрамында

                            Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.

 

Гульаим:Армысыздар құрметті қонақтар,ардақты әжелер мен аяулы аналар және сүйкімді қыздар!                          

Гүлбғила:Жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

 

1-Жүргізуші:  - Балалар қазір қай жыл мезгілі?

- Көктем мезгілінде кімдердің мерекесі болады?

- Бізде бүгін қандай мереке?

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

Бала , бала, бала деп,

Түнде шошып     оянған

Түн   ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар:  Ана     Ана Ана

 

Тәрбиеші: Онда Аналар туралы бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдап көрсек.

 

Нұрдаулет: Жарқын жүзді жан анам
                        Сендей болсын бар адам
                        Сендей болса бар адам
                        Шаттық кетпес баладан

                        Әр сөзімді жаттаған,
                        Жүрегімде сақтаған,
                        Анашым деп мақтанам,
                        Айналайын ақ анам!

 

Арлан: Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана күн.

Әркім сүйер өзінің,

Мақтан етер анасын!

 

 Анель:Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам

 

Нұрислам: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз

 

Қ.Арнұр: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!

 

Музыка әуенімен Көктем ханшайымы келеді. Балалармен қонақтармен амандасады.

"Көктемде" әні орындалады.

Көктем ханшайымы: Қандай керемет ән. Өздері қалай әдемі ән салады!

Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдап көрсек.

Айзере: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл — қызың.

Аңсар: Қайырымды қасиетті

Ең ардақты ақ анам

Әрбір сөзі өсиетті

Баға жетпес, бал анам,

Аман есен жүріңізші

Бар тілегім сол анам

 

 Сұлу: Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
 

Ильяс: Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

 

Айлин:Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

 

Көктем ханшайымы: Балалар сендер көп тақпақ біледі екенсіңдер. Қандай тамаша!

Көктем ханшайымы: Балалар мен сендермен ойын ойнғым келіп тұр.

Ойын: «Кім шапшаң»

Балалар қасықпен бір жерден екінші жерге киндерлерді тасып апару керек.

 

Ағылшын тілінде тақпақтар:

 

Батыржан: I wish there was more      Ай уиш зеа уоз мо

For you I could do                                 Фо юай кулд ду

But all I can say                                     Бат ол ай кан сэй

Is how much I love you                         Из хау мач аи лав ю

 

Алуа:I like the way you look               Ай лайк зе уэй лук

I like the way you cook                         Ай лайк зе уэй кук

Now I want to say:                                Най ай уонт ту сэй

"Happy Mother's Day!''                         Хаппи мазес дэй

 

Нұрдаулет: Mommy I love you            Мамми аи лав ю

More than you see                                  Мо зан ю си

You have always been there                  Ю хав олуэйс бин зеа

When I needed you to be                       Уен аи нидид ю ту би

 

Нарғыз: It is deeper than the oceans      Ит из зе дипе зан зе оушен

Higher than the sun                                Хайа зан зе скай

I could shout it forever                           Ай кулд шаут ит фореве  

And still not be done                              Анд стил нот би дан

 

Ағылшын тілінде ән: " I love my mommy "

Би: "Далеко от мамы".

Келесі  кезек тақпақтарға беріледі. 

Кәусәр: Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

 

Алишер: Бізді өсіріп баптаған
            Жақсы болсақ шаттанған
            Алтыным деп мақтаған
            Айналайын ақ мамам

 

Малика: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

 

Расул: Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

 

Асанали: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

 

Ән: "Ақ Әжем".

Ойын: «Анаңды дауысынан таны»

Балалар өз аналарын дауыстарынан тану керек.

 

Би: "Түймедақ"

Келесі  кезек тақпақтарға беріледі. 

Алуа: Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты

 

 Альтемир: Ана пана,

Ана дана.

Өмірді әкелетін,

Ана ғана!!!

 

Ильнұр: Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
 

Нарғыз: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
 

Аружан: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
 

Батыржан: Ақ сүт берген балаңа
Күш — жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.

 

Ойын: «Сыпырғыш пен шар»

Балалар сыпырғыштың көмегімен шарды кедергіден өткізу.

Би: "Бибип"

Сән үлгісі: "Қыздардың көктемгі сән үлгісі!"

Ән: "Айналайын ақ  мамам"

Осымен құрметті қонақтар, балалар сіздерге арналған мерекеміз аяқталды, кейіпкерлер қоштасып кетеді. Балалар сыйлықтарын сыйлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 «Арман» балабақшасы  мемлекеттік  комуналдық   қазыналық  кәсіпорны.

 

 

 

 

     

 

 

 

«Анаға сәлем!»

 

№11  «Моншақ» ортаңғы  тобы

 

 

                                                                                                                                                                                    

                                                                                        Өткізген: Абенова Г.А.

                                                                                                04.03.2019ж                                                                                                      

                                               

 

                                 

 

 

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст